Аймақтар • 15 Маусым, 2019
Алматы облысының Панфилов ауданындағы үш мектепке қазақ зиялыларының есімі берілді
Панфилов ауданы әкімі баспасөз қызметінің мәліметінше, Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен Панфилов ауданында бұрынғы А. Луначарский атындағы орта мектеп-гимназияға даңқты қолбасшы, Кеңес Одағының батыры Бауыржан Момышұлының есімі берілді.
Руханият • 15 Маусым, 2019
Ақтөбеде Бөкенбай батырдың ескерткіші ашылды
Бүгін Ақтөбе қаласының 150 жылдығына орай, Бөкенбай Қарабатырұлының ескерткіші ашылды.
Қазақстан • 15 Маусым, 2019
ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин жұмыс сапарымен Ақмола облысында болып қайтты
ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин жұмыс сапарымен Ақмола облысында болып қайтты, онда ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың алға қойған, стратегиялық мақсаттарға қол жеткізу бойынша қабылданып жатқан шаралармен және Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың өңірді әлеуметтік-экономикалық дамыту жөніндегі тапсырмаларының орындалуымен танысты.
Аймақтар • 15 Маусым, 2019
30-дан астам түлек ҰБТ-ны ағылшын тілінде тапсырмақ
Облыстық Білім беруді дамытудың инновациялық орталығының мәліметінше, өткен жылдан бастап мектеп түлектері ҰБТ-ны 4 рет тапсыруға мүмкіндік алды.
Президент • 15 Маусым, 2019
Мемлекет басшысы өз баяндамасында Тәжікстан Президенті Эмомали Рахмонға қонақжайлылығы, Саммитті жоғары деңгейде ұйымдастырғаны және Президент болып сайлануымен құттықтағаны үшін ризашылық білдірді. Сонымен қатар, Қасым-Жомарт Тоқаев Тәжікстанның Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңеске төрағалығы Кеңесті Азия аймағындағы өте маңызды мәселелерді шешу ісіне белсенді жұмылдыруға септігін тигізетінін айтты.