Аймақтар • 15 Маусым, 2019

Алматы облысының Панфилов ауданындағы үш мектепке қазақ зиялыларының есімі берілді

1047 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Панфилов ауданы әкімі баспасөз қызметінің мәліметінше, Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен Панфилов ауданында бұрынғы А. Луначарский атындағы орта мектеп-гимназияға даңқты қолбасшы, Кеңес Одағының батыры Бауыржан Момышұлының есімі берілді.

Алматы облысының Панфилов ауданындағы үш мектепке қазақ зиялыларының есімі берілді

 «Көктал орта мектебі» мектепке дейінгі шағын орталығы мемлекет және қоғам қайраткері Дінмұхамед Қонаевтың атымен аталатын болды. Сондай-ақ, Сәтжол орта мектебіне алаш көсемі Әлихан Бөкейхановтың есімі берілді. 

«Қазіргі уақытта Үкіметтің арнайы қаулысы шықты. Енді аудан әкімшілігі тарапынан атқарылатын тиісті жұмыстарды атқарып жатырмыз», - деді аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің маманы Арман Юсупов.

Айта кету керек, бүгінде Панфилов ауданында орта білім беретін 50 мектеп бар.


АЛМАТЫ

Соңғы жаңалықтар