Аймақтар • 15 Маусым, 2019

30-дан астам түлек ҰБТ-ны ағылшын тілінде тапсырмақ

642 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Облыстық Білім беруді дамытудың инновациялық орталығының мәліметінше, өткен жылдан бастап мектеп түлектері ҰБТ-ны 4 рет тапсыруға мүмкіндік алды.

30-дан астам түлек ҰБТ-ны ағылшын тілінде тапсырмақ

Қаңтар, наурыз және тамыз айында тестілеуден өткендер тек ақылы оқуға түсуге құқығы бар.

Ал, маусым-шілде айында тест таспырғандар мемлекеттік грантқа үміткер атана алады.

Өңірдегі биылғы мектеп бітіретін түлектердің саны – 3590. Оның 81,5 пайызы маусым-шілде айындағы ҰБТ-ны тапсыруға ниет білдірген.

Қазір түлектер тестілеуді үш тілде таңдай алады. Биыл ағылшын тілінде сыннан өтуге 30-дан астам түлек өтініш жазған.

Халықаралық шет тілі емтихандарын тапсырғандар сертификаттарын әкелген жағдайда сәйкес ұпайлары қойылып беріледі.

2019 жылдың 1 сәуірінен бастап 10 мамырға дейін тестілеу өткізудің 10 пунктінде сынаққа қатысу бойынша өтініштер қабылданған.

Ал Ұлттық бірыңғай тестілеу 20 маусым–5 шілде аралығында өткізіледі. Жауап беруге бұрынғыдай 3 сағат 50 минут беріледі.

 Алдыңғы уақытта кешенді тестілеу тапсыру жүйесі де өзгерген.

 Өткен жылғы мектеп бітірушілер, колледж түлектері кешенді тестілеуін биылғы түлектермен бірге тапсырады. Мемлекеттік грантқа өтініш жазатын кезде түлектер мамандық емес, оқу бағдарламасын таңдайды.                                                                                              

Павлодар облысы