Әлем • 14 Маусым, 2017
Виннипегте Астана туралы кітаптың тұсаукесері өтті
Канадада Манитоба университетінің профессоры Франк Альбоның «Астана: сәулеті, жұмбағы, тағдыры» атты кітабының ресми тұсаукесері өтті.
Қазақстан • 14 Маусым, 2017
Біз үшін Қазақстан – Еуропа мен Азия арасындағы алтын көпір
– дейді Люксембург Ұлы Герцогтігінің Премьер-министрі Ксавье БЕТТЕЛЬ
Өркениеттер тарихындағы жазу мен әліпбидің орны
Сүбелі ғылыми жұмысын жазу тілінің шығу тарихына арнаған Олжас Сүлейменов өзінің «Жазу тілі» («Язык письма») атты монографиясында тарихи тұрғыдан, кез келген жазу, ең әуелі, діни идеологияның жаршысы, тек содан кейін ғана мемлекеттік және мәдени құндылық болып табылатынын алға тарта келіп, бүгінгі діндердің барлығы да бұл дүниеге өз жазуларымен, атап айтқанда, иудаизм ескі еврей жазуымен, христиан діні грек және латын жазуымен, буддузим ескі үнді жазуымен, зороастризм авестин жазуымен, мұсылман діні араб тілімен енгенін көлденең тартады.
Аймақтар • 14 Маусым, 2017
«Тойдың болғанынан, боладысы қызық» деген ежелгі қазақы тәмсілге салсақ, онда ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесінің боладысынан өтіп, енді нақты іс пен жұмыс арқылы көрменің көрігін қыздырар шаққа жетіп тұрмыз. Бұл ретте бар жауапкершілікті Астананың мойнына артып қоймай, тұтас Қазақстанның бір қолдың саласындай қимылдағаны керек.
ЭКСПО-2017 • 14 Маусым, 2017
Грузия мемлекетінің Ұлттық күні салтанатпен аталып өтті
Төрткүл дүние назарын өзіне аударған Астана ЭКСПО-2017 халықаралық мамандандырылған көрмесі алаңында Грузия мемлекетінің ұлттық күні зор салтанатпен аталып өтті. Грузин халқына тән асқақ музыка мен әуезді ән көрме қалашығы аспанында шарықтай қалықтап, Арқа төсінде тау халықтарының мерейлі мерекесі өтіп жатқанын паш еткендей.