Қазақстан • 13 Маусым, 2019
СІМ қызметі жөніндегі Қоғамдық кеңестің отырысы өтті
Сыртқы істер министрлігінде министрліктің қызметі мәселелері жөніндегі Қоғамдық кеңестің жаңа құрамдағы бірінші отырысы өтті. Отырыс барысында ҚР Парламенті Мәжілісінің Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің төрағасы Мұхтар Ерман Қоғамдық кеңестің төрағасы болып сайланды. Бұл туралы СІМ баспасөз қызметі хабарлады.
Қазақстан • 13 Маусым, 2019
Дәрі-дәрмектерді QR-кодпен таңбалау жалған дәрілер жасау фактілерінің алдын алады - ДСМ
Бүгін Үкіметтің баспасөз орталығында өткен брифингте Денсаулық сақтау министрлігінің Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитеті төрағасының орынбасары Нұрлыбек Асылбеков дәрі-дәрмектерді таңбалауға қатысты атқарылып жатқан жұмыстар туралы айтып берді. Бұл туралы Премьер-Министрдің баспасөз қызметі хабарлады.
Тағайындау • 13 Маусым, 2019
Ерлан Баттақов Президенттің Іс басқарушысы болып тағайындалды
Ерлан Баттақов Қазақстан Республикасы Президентінің Іс басқарушысы болып тағайындалды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.
Тағайындау • 13 Маусым, 2019
Әнуар Садықұлов Мемлекеттік күзет қызметінің бастығы болып тағайындалды
Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.
Тағайындау • 13 Маусым, 2019
Батыс Қазақстан облысында жаңа әкім тағайындалды
Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың шешімімен, Қазақстан Республикасы Конституциясының 87-бабының 4-тармағына сәйкес Батыс Қазақстан облыстық мәслихаттың келісімімен Батыс Қазақстан облысының әкімі болып Ғали Нәжімединұлы Есқалиев тағайындалды.