Тағайындау • 13 Маусым, 2019

Батыс Қазақстан облысында жаңа әкім тағайындалды

1137 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың шешімімен, Қазақстан Республикасы Конституциясының 87-бабының 4-тармағына сәйкес Батыс Қазақстан облыстық мәслихаттың келісімімен Батыс Қазақстан облысының әкімі болып Ғали Нәжімединұлы Есқалиев тағайындалды.

Батыс Қазақстан облысында жаңа әкім тағайындалды

Өңірдің жаңа басшысын облыс активінің алдында ҚР Президенті Әкімшілігінің Басшысы Бақытжан Сағынтаев таныстырды. 

Ғали Есқалиев – 1970 жылы туған, білімі жоғары. Батыс Қазақстан аграрлық университетін «экономика», Халықаралық бизнес академиясын «менеджмент» мамандықтары бойынша бітірген. 
Әр жылдары «БанкТұранӘлем» АҚ Орал қаласындағы филиалында маман, бөлім басшысы, «Темірбанк» АҚ филиалының директоры, БҚО кәсіпкерлікті қолдау және даму департаментінің директоры, «Қазақстан даму банкі» АҚ атқарушы директоры, вице-президенті, басқарма төрағасы, Жамбыл және Ақтөбе облыстары әкімінің орынбасары, Астана қаласы әкімдігі қалалық ортаны регенерациялау басқармасының басшысы қызметін атқарған. 2019 жылдың 18 қаңтарынан бері Батыс Қазақстан облысы әкімінің бірінші орынбасары болып қызмет етті.

Айта кетейік, бүгінге дейін Батыс Қазақстан облысының әкім болып келген Алтай Көлгінов Қазақстан Республикасы Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың жарлығымен Нұр-Сұлтан қаласының әкімі болып тағайындалған болатын. 

Тағы бір айта кетерлік жәйт, Ғали Есқалиевтің әкесі Есқалиев Нәжімеден Ықсанұлы 1986 жылдан 1993 жылға дейін Орал (қазіргі Батыс Қазақстан) облысын басқарған болатын.

Батыс Қазақстан облысы