Парламент • 12 Маусым, 2018
Сенатта республикалық бюджет есебі қаралды
Кеше Сенат Төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен өткен палатаның жалпы отырысында Үкіметтің және Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің 2017 жылғы республикалық бюджеттің атқарылуы туралы есебі тыңдалды. Күн тәртібіндегі негізгі тақырыпқа орай Қаржы министрі Бақыт Сұлтанов, Ұлттық банк төрағасының орынбасары Алпысбай Ахметов, Есеп комитетінің төрайымы Наталья Годунова баяндама жасады.
Аймақтар • 12 Маусым, 2018
Қараусыз қалған мұнай ұңғымаларынан қатер көп
Жаман айтпай жақсы жоқ, қапыдан келген қауіп теңіздегі тіршілікті бір-ақ сәтте тас-талқан етуі мүмкін. Ал біз айдын судың тазалығын қаншалықты сақтап отырмыз? Мысалы, теңіз деңгейі көтерілген тоқсаныншы жылдары мұнай ұңғымаларының біразы су астында қалды. Ескі, қараусыз ұңғымалардың нақты саны мен орналасқан жерлері жайлы әлі күнге нақты ақпарат айтылмайды. Су астында жатып тозған темірлердің залалын зерттеп жатқан кім бар? Мұнайлы өңірде, құрлықта иесіз қалған ұңғымалар да кездеседі. Алдыңғы жылы солардың бірінен май ағып, қоршаған ортаға залал келді. Ал біз «өндіріс иесі табылмады» деген желеумен жауырды жаба тоқып, қоя салдық...
Қазақстан • 12 Маусым, 2018
1 шілдеде Астанада Ұлттық домбыра күні атап өтіледі
Қылыштан өткір, құрыштан берік Домбыра!..
Қазақстан • 12 Маусым, 2018
Ұлттық стратегиялық идеяның түп қазығы
Мыңжылдықтар тоғысында егемендігін алып, дәуірдің жаңа белесіне беттеген Қазақ елі өз тарихының маңызды кезеңін өткеруде. Бабалар армандаған тәуелсіз мемлекетті құру мүмкіндігін жүзеге асырып, Есілдің бойына ел қондырды, Сарыарқаның төсіне елордасын салды. Қарап отырсақ, «өтпелі кезең» деп аталатын сонау 90-шы жылдарда астананы ауыстырып, айдалаға қала саламыз деу тым тосын бастама еді. Саяси қайшылықтар дендеп, қаржы-экономикалық дағдарыс меңдеп, қазынаның түбі көрінген кезеңде мұндай қадамға бару қандай қажеттіліктен туындап еді?
Атам қазақтың тілеуі де, тілегі де адамның денсаулығы болған. «Дені саудың малы түгел, мұңы жоқ» деуі содан шығар.