Футбол • 11 Маусым, 2018
Латын Америкасында өткен іріктеу ойындарының ең соңғы туры драмаға толы болды. Әлем чемпионатына жолдама алып қойған Бразилия өз алаңында Чилимен кездесті. Алексис Санчес бастап, Артуро Видаль қостаған чилиліктер бразилиялықтардан 0:3 есебімен жеңіліп қалды. Ал Перу командасы Колумбиямен кездесіп, кем дегенде тең нәтижеге қолы жетпей жатты. Бірақ матчтың 74-минутында Пауло Герреро гол соғып, таразы басын теңестіріп кетті. Осы голдың арқасында Перу құрамасы Әлем чемпионатына қатысуға мүмкіндік алды.
Театр • 11 Маусым, 2018
Семейде «Жәнібек ән салады...» драмасы сахналанды
Семейдегі Абай театрында Қазақстан Журналистер одағы сыйлығының лауреаты, ұзақ жылдар республикалық «Егемен Қазақстан» газетінің Семей өңіріндегі меншікті тілшісі қызметін атқарған Дәулет Сейсенұлының «Жәнібек ән салады...» драмасы сахналанды. Шығарма әнші, жазушы, Қазақ КСР-інің еңбек сіңірген әртісі Жәнібек Кәрменовтің шығармашылығына арналған.
Театр • 11 Маусым, 2018
Бекзат өнер ордасы - «Астана Балет»
«Астана Балет» театры 2012 жылы Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың тікелей бастамасымен құрылған болатын. Алматыдағы А.Селезнев атындағы хореография училищесінің үздік түлектерінен құралған ұжымның өнері жұртшылықты классикалық үлгідегі, сондай-ақ халықтық дәстүрлер мен заманауи стильдегі билерді үйлесімді біріктіруімен ерекшеленеді. 2016 жылы тәуелсіздік мерекесі қарсаңында елорданың мәдени өмірі тағы бір сәулет өнерінің үздік туындысы «Астана Балет» театры ғимаратымен толыққан еді. Қазақ ұлттық хореография академиясының бірегей кешеніне енген жаңа үлгідегі бұл театр әлемдік үздік шығармалардың орындалуына сай келеді және балет, опера, драма сияқты кез келген жанрдағы өнерді толыққанды көрсете алатын сапасымен қымбат саналады.
Қазақстан • 11 Маусым, 2018
Елбасының Қытайға сапары - шолу
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев мемлекеттік сапармен Қытайға барғанын алдыңғы нөмірлерде хабарлаған едік. Осы сапар барысында Мемлекет басшысы Қытай Президенті Си Цзиньпинмен кездесті.
Ұзақ өмір сүрудің құпиясы неде екенін білу үшін адамзаттың бас қатырғанына да талай жылдардың жүзі болды. Осы мәселеге қатысты айтылатын ақыл-кеңестер де өте көп.