Туризм • 14 Маусым, 2024
Жетісуды аграрлы өңір дегенімізбен, табиғаты көркем өлке екенін де ұмытпаған абзал. Болашақта туризмнің де бір ошағы боларына сенім мол. Себебі жылдан-жылға осы саланың бағыты жанданып келеді. Мәселен, былтырдан бері қолға алынған «Шаған» фестивалі биыл да жоғары деңгейде өтті. Тау туризмін дамытуға бағытталған бастамаға мыңға жуық адам атсалысқан. Қызыққа толы саяхат шетелдіктерді де қызықтырып келеді.
Үкімет • 14 Маусым, 2024
PepsiСo компаниясы Алматы облысындағы жаңа зауытқа инвестиция салады
Премьер-министр Олжас Бектенов Ресей, Беларусь, Кавказ, Орталық Азия елдеріндегі PepsiСo азық-түлік өнеркәсібі саласындағы ірі трансұлттық корпорациясының Президенті Давид Манзинимен кездесу өткізді, деп жазады Egemen.kz.
Зерде • 14 Маусым, 2024
Кәрім Мыңбаевтың мұрасы мен мұраты
1948 жылы 30 қыркүйекте Сарыарқаның оңтүстігінде, Балқаш көлі мен Бетпақдаланың түйіскен жерінде алапат апат орын алды. Алматыдан шыққан ұшақ Балқаш қаласынан жанармай құйып, әуеге көтерілген соң 15 минуттан кейін жарылып кетті. Ұшақтың ішінде Мәскеуге, Сталин қолдан жасаған академик Т.Лысенконың 50 жасқа толған тойына шақырылған Қазақстан ауыл шаруашылығы ғылымының бетке шығатын тұлғалары – академик Кәрім Мыңбаев бастаған ғалымдар – Қылыш Бабаев, Сапар Нұғыманов, Хасен Наурызбаев, Федор Солодников бар еді. Бәрі қайғылы қазаға ұшырады.
Дін • 14 Маусым, 2024
Имандылық біліммен, ғылыммен толыққаны абзал
Меккеге жол «Мұсылманның бес парызының бірі – қажылық сапарына бару» дегенді бала кезден естіп өстік. Қажылыққа баратын мұсылман – ерекше: басқа төрт парызын да орындаған, жаны таза, ісі адал, білімі терең, ел алдында абыройлы және өмір көріп, ақыл тоқтатқан адам болуы керек деген сеніміміз берік болды. Содан да болар, жастайымыздан «Меккеге бару – адамға жүктер міндеті мол, кез келген жанның орындауы екіталай сапар» деген түсініктің қалыптасқаны. Ол сапарға барғандардың елге қадірлі болатынын, тек дін мәселесінде емес, ауылдағы үлкенді-кішілі шаруаларды шешуде де жұртшылық «қажы-еке» деп жүгініп, кеңесіне құлақ түріп, айтқан уәжіне тоқтайтынын көріп өсу сенімімізді одан әрі бекіте түскен. Және жүрек түбінде «барсам...» деген арманды ұялатқан.
Digital • 14 Маусым, 2024
Жүк тасымалын цифрландыру әлеуеті
Әнуар бір күні кафеде бір жобаға сайт жасап, серіктестерімен ағылшынша сөйлесіп отырады. Сол кезде қасына бір ер адам жақындап, «Жігіт, IT маманысың ба?» деп сұрайды. Әнуар басын изейді. Осы сәтте асфальт жолдарының кемшілігін анықтайтын цифрлы жүйе жасау туралы ұсыныс түседі. Жол мен жүк тасымалы, теміржол мәселесін цифрландыру тың әрі халыққа қажет жоба деген ой келіп, келісе кетеді. Солай елімізде «Smart System Technologies» іске қосылды. Ол жоба қаншама пайдалы стартап әкелді.