Аймақтар • 14 Маусым, 2024
Ор қазғандар обалдан қорықпай ма?
Атбасар ауданының диқандары егістігін ақбөкеннен қорғау үшін ор қаза бастаған. Отызға жуық бөкен құлап, мерт болды. Ұзындығы 42 шақырымды құрайтын ор жабылған жоқ. Алдағы уақытта да обалды ойламағандардың кесірінен қауіп-қатер сейілмейтін түрі бар.
Сенат • 14 Маусым, 2024
Бюджет есебі: негізгі көрсеткіштер орындалды
Сенат спикері Мәулен Әшімбаевтың төрағалығымен Палата отырысы өтіп, депутаттар Үкіметтің және Жоғары аудиторлық палатаның 2023 жылғы республикалық бюджеттің атқарылуы туралы есептерін қарады.
«Таза Қазақстан» • 14 Маусым, 2024
«Таза Қазақстан» road-эстафетасы Астана-Алматы тас жолының бойында жалғасып, Аршалы ауданының аумағында туған табиғатымыздың көркінің сақталуына жанашыр жандар жұмыла еңбек етіп, қыруар шаруаны тындырды.
Айбын • 14 Маусым, 2024
Тәуелсіздік алған жылдан бері Қазақ елі әлемдік аренада бейбітшілік бесігі ретінде танылып келеді. Айналамыздағы елдердің көпшілігінде түрлі қақтығыстар мен соғыс өрті тұтанғанда біз сары майдан қыл суырғандай салмақты дипломатияның, өзге мемлекеттермен мәмілегер қарым-қатынасымыздың, ұлттық бірлігіміз бен елдегі экономикалық және әлеуметтік тұрақтылықтың арқасында шаңырағымызды шайқалтпай, тыныштығымыздың тұнығын лайлауға жол бермедік.
Шаруашылық • 14 Маусым, 2024
Омарта шаруашылығының артықшылығы
Жетісу өңірінде омарташылықпен айналысып жүрген шағын шаруалардың саны 50-ден асады. Олар жетісулықтардың ғана емес, өзге облыстардың да сұранысын қанағаттандырып отыр. Өндірген балы шетел асқан кәсіпкерлер де бар. Ара селекциясымен айналысатын омарташы Сергей Питенконың өнімін Азия мен Еуропа жұрты тұтынады.