Саясат • 11 Маусым, 2019
Хасан Канболат: Қазақстан сара жолынан ауытқымайды
Елімізде өткен кезектен тыс Президент сайлауына халықаралық ұйымдардың өкілдері мен дүниежүзілік қауымдастықтардың өкілдері бақылаушы ретінде қатысқан болатын. Түркі әлемінде белгілі Анкара саясат орталығының директоры, сарапшы Ханас Канболат сайлауға қатысты пікірін білдіріп, өзінің түйгендерімен бөлісті.
Руханият • 11 Маусым, 2019
«Қазақфильм» Америкамен бірлесіп телесериал түсіреді
«Қазақфильм» киностудиясы АҚШ-тың белді кинокомпаниясымен бірлесіп «Жол жоқ» – «No Exit» жобасы бойынша телевизиялық сериал түсіруді қолға алғалы отыр. Ілгеріректе осы аттас «Жол жоқ» көркемфильмі фэнтези-хоррор жанрында түсірілген болатын. Бұл картинаны түрлі ұлт өкілдерінен құралған продюсерлер жарыққа шығарды, атап айтсақ, американдық Сара Луиз Уилсон, халықаралық кәсіпқой маман Дарио Кирола, сондай-ақ отандық киногер Айгүл Сыдықова жұмыс істеді. Жобада Сара Уилсон режиссер әрі сценарий авторы болса, отандасымыз А.Сыдықова фильмде басты кейіпкердің рөлінде ойнады. Фильмді қазақстандық ActionLab атты тәуелсіз арт-студиясы және ливандық Littletree Films атты тәуелсіз компаниялары бірлесіп түсірген.
Әлем • 11 Маусым, 2019
Сергей Громов Франция Ұлттық Ассамблеясының делегациясымен кездесті
Қазақстан Парламенті Сенаты Төрағасының орынбасары Сергей Громов Француз Республикасы Ұлттық Ассамблеясындағы «Франция-Қазақстан» достық тобының төрағасы Т.Кабаре бастаған депутаттарды және байқаушылар делегациясын қабылдады. Бұл туралы Сенаттың баспасөз қызметі хабарлады.
Спорт • 11 Маусым, 2019
Жетісу өңірінің жұрты өз спортшыларын құрметтеуде
Ертең Алматы облысы Алакөл ауданының Лепсі ауылында «Қазақ батырлары» жобасы аясында бокстан еліміздің мақтан тұтар азаматары – Бейжің Олимпиадасының қола жүлдегері Қанат Ислам және әлем мен құрлық чемпионы, Азия ойындарының жеңімпазы Жәнібек Әлімханұлының жүлдесі үшін республикалық турнир басталады.
Аймақтар • 11 Маусым, 2019
Аудандар жәрмеңкеге неге сүт әкелмейді?
Облыс орталығында апта сайын «Квазар» сауда үйінің жанында ауылшаруашылық жәрмеңкесі өтеді. Қала тұрғындары арасында құс етіне, жұмыртқаға, сарымайға, сүтке деген сұраныс жоғары.