Инвестиция • 13 Маусым, 2024
Инвестиция тартудың мүмкіндігі мен тәсілі
Инвестициялық әлеует біртіндеп артып келе жатыр. «ASER» консалтинг агенттігі арнайы зерттеу жасап, еліміздің инвестициялық тартымдылығына қатысты бірқатар факторды тізбелейді. Оның ішінде – қолайлы географиялық орналасу, тұрақтылық пен ашықтық және инфрақұрылымды белсенді дамыту бар.
Кәсіпкер • 13 Маусым, 2024
Әдетте үлкен қалада пәтер жалдап тұратын ағайынның түптің түбінде жаңа баспанаға көшетіні белгілі. Солай сендірейік өзімізді. Иә, мұндайда артынып-тартынатын дүние көп. Көбі қажеттілікке жарайтын заттар. Әр шаңырақ мұндайда не істейді? Біз білетіндей, көп қабаттыдан екі не үш бөлмелі пәтер алған отбасы артылған затты балконға сірестіре жинайды. Мысалы, балық аулау заттары, балалардың велосипеді, көліктің қысқы дөңгелегі дегендей. Осылай жалғаса береді.
Өндіріс • 13 Маусым, 2024
Жүк көлігін шығаратын кәсіпорын
Италиялық «IVECO» маркасымен белгілі арнайы жүк көліктерін құрастыратын «STAHLBAU» ЖШС елімізде 2015 жылдың көктемінен бері жұмыс істейді. Астана қаласы маңындағы №1 индустриялық парктен 4 гектарға жуық жер алып, жұмысын бастаған серіктестік нарыққа ең қажетті автомашиналар құрастырады. Жобалық құны 1,2 млрд теңгені құраған өндіріс орнын арнайы аралағанымызда сапасына да, сырт бейнесіне де көз тоятын түрлі жүк көлігін көрдік.
Аймақтар • 13 Маусым, 2024
Жезқазған – Қызылорда: Жол құрылысы жанданады
Жезқазған – Қызылорда аралығында автокөлік жолының сын көтермейтін жағдайы жөнінде қаншама жылдан бері айтылып келеді. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 2021 жылы Екібастұз қаласында өткен моноқалаларды дамытуға байланысты жиында «Бұл Жезқазған мен Сәтбаев қалаларының сауда-көлік байланысын күшейтуге, сонымен қатар жүк транзитін арттыруға мүмкіндік береді» деп, бұл жолдың тек аумақтық қана емес, халықаралық деңгейдегі маңыздылығына да назар аударды. Сөйтіп, көпшіліктің көңіліндегі үміт оты қайта жанып еді.
«Таза Қазақстан» • 13 Маусым, 2024
Елімізде «Таза Қазақстан» акциясы басталғалы экология мәселесіне ерекше басымдық беріліп келеді. Бұл – бірреттік науқан емес, жалпыұлттық деңгейде тазалық сақтау, қоршаған ортаны қорғау мәдениетін қалыптастыруға бағытталған кешенді шара екені белгілі. Сондықтан акция тек сенбілікке шығумен шектелмейтіні түсінікті. Осы орайда таяуда Теміртауда «Саф ауа» атты экологиялық форум өтті.