Анық қазақ журналистикасының Алаш баласының асыл мұраты хақында ақиқи сөзін әр уақытта айта отырып бір ғасырдан астам жүріп өткен шырғалаң жолы, бұралаң өрі, Абылай аспас асуларды алып асқақ сөйлеген биік белі көз алдыңа келеді. Сонда байқағанымыз, қандай қиын-қыстау уақыттарда да қазақ баспасөзінің қайраткерлері қалам сертінен, ел-жұрт алдындағы адал сертінен ешбір таймағанын көреміз.
Бокс • 28 Маусым, 2018
Боксшы Нұржан Кәрімжановтың Астанадан Афинаға дейінгі жолы
Ел боксындағы елеулі тұлғалардың бірі Нұржан Кәрімжанов екені еш дау туғызбаса керек. Орта салмақта жұдырықтасқан ол елордалық былғары қолғап шеберлері арасынан алғашқы болып Олимпия ойындары мен әлем чемпионатына қатысты. Көптеген халықаралық және құрлықтық деңгейдегі жарыстарда жасындай жарқырап, жеңіс тұғырына көтерілді. Ғасырлар тоғысында атой салған астаналық боксшыны жанкүйерлер ұмыта қоймаған болуы керек, сірә?!
Тарих • 28 Маусым, 2018
Осы жылы барлық мемлекеттік аппарат Астананың сол жағалауда орналасқан жаңа әкімшілік орталыққа қоныстанды. Қала елорда мәртебесін алған жеті жыл ішінде тұрғындарының саны өсіп 541, 7 мың адамға жетті. Сонымен қатар бұл жылы 1200 орындық – бес, 400 орындық бір орта мектеп, 208 және 240 орындық екі балабақша пайдалануға берілді.
Президент • 28 Маусым, 2018
Еркін КӨБЕЕВ. Болашаққа ұмтылған шаһар
Биыл Мәңгілік Елдің темірқазығына айналған елордамыздың 20 жылдығы ел көлемінде кеңінен атап өтілуде. Тәуелсіздіктің ақ таңында Астана атанған бас қаламыздың күн санап дамуы әлем елдеріне мемлекетіміздің біртұтастығын, мызғымас тұрақтылығын айшықтай түсуде.
Тарих • 28 Маусым, 2018
Бұл жылдың басты жетістігі – Астана қаласының құрылыс кәсіпорындары жалпы алаңы 451 252 шаршы метр құрылыс салып, пайдалануға берді. Оның 173 603 шаршы метрі халық қаражаты есебінен тұрғызылды. Сонымен қатар Астанада Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Музейі ашылды. Онда Мемлекет басшысы Н.Назарбаевтың жеке мұрағатынан алынған жәдігерлер, шет мемлекеттер мен халықаралық ұйым басшылары сыйлаған тартулар және Ұлт көшбасшысының бірегей марапаттар коллекциясы қатарлы 100 мыңнан астам экспонат орналасты.