Өндіріс • 12 Маусым, 2024
Еңбекқор ел ештеңеден тарықпайды
Түркістан облысында әр ауданды өз ерекшелігіне сай салаға бейімдеуге басымдық берілген. Мысалы, өңір тұрғындары Бәйдібек, Сайрам аудандарында мал шаруашылығы, Шардарада балық өндіру дамығанын айтады. Сарыағаш десе, ел жүзімді алқаптарды еске түсіреді. Облыс басшысы да әр өңірдің өзіндік ерекшелігін қарастыра келе, сол бағытқа бет бұру, жаппай мал өсіріп, не қызанақ егіп, қалған салалар құр қалмау керектігін аудан әкімдеріне ескерткен.
Сараптама • 12 Маусым, 2024
Бала тәрбиесі: Ата-ана неге алаңдайды?
Бала тәрбиесі мен ұрпақ болашағы – ата-аналарды алаңдататын басты мәселенің бірі. Ақпарат ағыны мен технологияның заманында ұрпақ тәрбиесіне терең мән беру өзекті екені даусыз. Осы тақырыпта әлемнің жетекші зерттеу орталықтары өз есептерін жариялап келеді. Бүгінгі мақалада IPSOS (Institut Public de Sondage d’Opinion Secteur) ұсынған «Болашақта не болады: бала тәрбиесі» (What the future: parenting) атты бала тәрбиесіне қатысты есебін ұсынамыз. Есепте бүгінгі және келешектегі ата-аналардың нені қалайтыны, бала тәрбиесіндегі жаңа үрдістердің талдауы ұсынылады.
Саясат • 12 Маусым, 2024
Реформаның үштағаны: жасампаздық пен жаңғыру жолы
Барша қауымға белгілі, жалпы жұртқа жария бір ақиқат бар. Еліміз кейінгі бес жылдың бедерінде мүлде өзгеріп, билік құрылымынан бастап қоғамдық-саяси санаға дейін түбегейлі жаңғырып жатыр. Бұл жаңғыру батыл қадамдарға, байыпты шешімдерге табан тірейтіні сөзсіз. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев бастамашы болған сол саяси бағдар жөнінде тарқатып айтқан жөн болар.
Ұстаз • 12 Маусым, 2024
Мектеп мұғалімдері Шымкент қалалық жедел жәрдем қызметінің симуляциялық орталығында өткен «ашық есік күніне» барды. Бұл күні медицина мамандары ұстаздарға шұғыл жағдайда алғашқы медициналық көмек көрсетудің тәжірибелік әдістерін үйретті.
Қоғам • 12 Маусым, 2024
V Халықаралық жастар театры фестивалі мәресіне жетті
Алматыда Достастық елдеріне кіретін тоғыз мемлекет кәсіби мамандар мен мәртебелі көрерменнің талқысына өз театрларының жас режиссерлерінің туындыларын ұсынды. Қазылар алқасы үміткерлердің ішінен үздіктерін анықтаса, ауқымды мәдени іс-шараға қатысушылар уақытты текке кетірмей, жұмысын барынша көрсетіп қалуға әрі өздеріне керекті рухани азық алып кетуге тырысып бақты.