Аймақтар • 27 Маусым, 2019
Студенттер қан тапсыру арқылы көмектесуде
Арысқа қан тапсыру арқылы көмектесіп жатқандар да бар. Бұл туралы «Қазақстан студенттер альянсы» республикалық студенттік қозғалысы» қоғамдық бірлестігінің президенті Ільяс Түстікбаев Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында мәлімдеді.
Аймақтар • 27 Маусым, 2019
«Сойыл күшін басқа түскен біледі» дегендей, Арыстағы ауыртпалықтың ахуалын, әрине арыстықтардан артық ешкім сезінбеген болар. Десе де, күллі ел болып, көмек қолын созып жатқан тұста қамыққанның жұбанатыны, тарыққанның қуанатыны анық. Халқымыз да «Орнында бар оңалар» демей ме?! Сондықтан бұл күнде «Арыс, біз біргеміз» жалпыұлттық акциясы аясында қазақстандықтар аянып қалып жатқан жоқ. Қолдарынан келген көмекті көрсетіп, бірі қаржылай, бірі заттай жылы көңілмен жылуға үлес қосқан ағайынның ауызбірлігіне қарап отырып, қандай қиындыққа да қарсы тұруға болатынын бағамдадық. Ел екенімізді, біріксек бізден қуатты күш, бізден мейірімді қауым болмайтынын байқаттық. Осы орайда тілшілеріміз ел өңірлерінен Арысты бетке алған гуманитарлық керуенге қолдау көрсетушілердің көбейе түскенін хабарлап отыр.
Қоғам • 27 Маусым, 2019
Бірлігіміздің ұйытқысы – имандылық
Небір зұлматтарға душар болып, жойылып кету қаупімен талай мәрте бетпе-бет келген ұлтымыздың елдігін сақтап, туын жықпай, аман-есен келе жатқанының басты сыры халқымыздың Ислам дінінің нағыз өзегі – қайырымдылық қағидаттары мен адамгершілік қасиеттерді басты ұстаным етуінде деп сеніммен айтуға болады.
Қоғам • 27 Маусым, 2019
Қуанса, ана қуансын, қуанса, бала қуансын!
«Жақсының өзі де жақсы, сөзі де жақсы» дегендей, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың ел азаматтарының борыш жүктемесін азайту туралы Жарлығы барша қазақстандықтарды қуантқан, әсіресе балаларын жеткізу, емдету жолында тұрмыс тауқыметімен басына тартқан көрпесі аяғына жетпей, көз жасын бұлап жүрген ата-аналарға айтарлықтай демеу беріп, көңілдерін жадыратқандай болды. Иә, қуанса, ана қуансын! Қуанса, бала қуансын! Әлбетте, «Құдығына қарай қауғасы, базарына қарай саудасы» болған нарық заманында несиесіз тіршілік ету де оңай емес. Сондықтан Президенттің бұл пәрмені халықтың әлеуметтік тобына қарызды пұлсыз беріп, құнсыз алғандай өте қолайлы тигені жасырын емес. Яғни көп балалы, асыраушысынан айрылу жағдайына байланысты төлем алатын, мүгедек балалары бар және атаулы әлеуметтік көмек алатын отбасылар мен ата-анасынан айрылған және ата-ана қамқорлығынсыз қалған балалардың 300 мың теңгеге дейінгі тұтынушылық берешегі кешірілмек. Бұл – қоғам тарапынан «Әлеуметтік қамқорлық» бағдарламасы аясындағы мемлекеттің қолдауын кешенді ете түсетін ізгі қадам ретінде бағаланып отыр.
Президент • 27 Маусым, 2019
Президент Қазақстан Медиа Альянсының басқарма төрағасы А.Байтасовты қабылдады
Бұл туралы Президент өзінің твиттер парақшасында жазды.