Аймақтар • 27 Маусым, 2019

Студенттер қан тапсыру арқылы көмектесуде

381 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Арысқа қан тапсыру арқылы көмектесіп жатқандар да бар. Бұл туралы «Қазақстан студенттер альянсы» республикалық студенттік қозғалысы» қоғамдық бірлестігінің президенті Ільяс Түстікбаев Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында мәлімдеді.

Студенттер қан тапсыру арқылы көмектесуде

«Арыстағы жарылыс­тан зар­дап шеккен азаматтарға өз қолдауымызды білдіреміз. Қазақ­стан жастары студент­тері сіздермен бірге деп айт­қым келеді. Қазақстан студент­терінің альянсы республикалық ұйым болғандықтан, Түркістан облысы мен Шымкент қала­сында штабымыз бар. Арыс қаласында екі колледж­ орна­ласқан. Сол жерде 800-ден астам студент­теріміз оқиды. Штаб мүшелері оқи­ға болған күні бірден кө­мек көрсетуге кірі­сіп кетті. Еріктілер тобы құ­рылды, олар Арыс тұрғын­дарын басқа жерлерге көшіруге көмектесті. Ай­мақ­тағы штабымыз ғана емес, жалпы респуб­лика бо­йын­ша мүшелеріміз атсалысып жатыр. Мысалы, кеше Нұр-Сұлтан қаласы әкімі орын­басарының қатысуымен шұғыл жиын өтті. Содан кейін Жастар сарайында Арысқа жө­нел­тетін гуманитарлық және материалдық көмек орталы­ғы ашылды», дейді Ілияс Түс­тікбаев.

Оның айтуынша, студент­тердің арасында қан тапсырып көмектесіп жатқандар бар.

«Елорда студенттері мен жастары қан тапсырып жатыр. Қан тапсырған адамға 600 теңге төлейді. Сол ақшаны алып, көмек қорларының ресми есептеріне аударды. Одан бөлек, Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің қызметкерлері 13 млн теңге аударды және 3 жатаxқанаға 500 адамды орна­ластырды. Елордадағы бірнеше жоғары оқу орнының қызметкерлері де бір күндік жалақыларын Арысқа көмек ретінде беріп жатыр», дейді ол.


 Рауан ҚАЙДАР,
«Egemen Qazaqstan»