Қоғам • 27 Маусым, 2024
Сарыағаш курортын жекешелендіру халыққа кері әсер етуі мүмкін - сенатор
Сенатор Мұрат Қадырбек сауықтыру курортының бәсекелестік ортаға берілуіне байланысты ел азаматтары алаңдаушылық білдіріп отырғанын жеткізді, деп хабарлайды Egemen.kz Сенаттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Футбол • 27 Маусым, 2024
Футболдан Еуропа чемпионатының топтық кезеңдегі ойыны тәмамдалып, плей-оффқа өткен 16 құрама белгілі болды. Құрлық аламанына алғаш рет қосылған Грузия құрамасы тарихи жеңіс орнатты. «Туған елдің тағдыры үшін пида менің мынау басым» деп жырлаған Шота Руставелидің жерлестері туған елдің намысы үшін аянып қалған жоқ.
Өнер • 27 Маусым, 2024
Айғана Ғали есімі қазақ қызы батыс елдеріне кеңінен танымал. Өзі қаншама жылдан бері Лондонда тұрса да, көрмелері шетелдің белді галереяларында өтсе де, суретші шығармашылығының түпқазығы – дала. Қазақтың ұлттық сарыны – Айғана Ғали қылқаламына негізгі арқау.
Әдебиет • 27 Маусым, 2024
Ағылшын жұрты англосаксондық «Беобульф» секілді көлемді поэмасымен мақтанса, француздар «Ролланд туралы жырды» алға тартып, бай мұрасын паш етеді. Ал тамыры терең қазақ халқының көл-көсір ауыз әдебиетін, жырлар мен эпикалық толғауларын, аңыздар мен лиро-эпостық жырларын тізбелесек, есеп жоқ. Қайбірі де шуда-шуда тақырыпты сөз еткен рухани темірқазықтар. Әсіресе ұлттың жүрегіндегі қанық бояуы халық әндерінде кеңінен өріс тапқан.
Өнер • 27 Маусым, 2024
Жоғалса да, жұрнағы қалған әндер
Зейтін Ақышевтың «Жаяу Мұса» романында қазақ өнері, оның ішінде ән мен күйге байланысты небір тың, тосын деректер ұшырасады. Ән сюжеттері, дүниеге келу оқиғалары кеңінен әңгімеленеді. Бірнеше нұсқада қарастыруға мүмкіндік тудырады шығармаға. Әлдебір туынды туралы оқып-біліп алған соң, әрине тыңдармандық талғам да өседі, ой мен сезім толығады, ойлы құлақ түгін білмей тыңдағаннан бір бас жоғары тұрары анық емес пе? Мәселен, аталған романда Тәттімбет күйші мен Жаяу Мұсаның бір емес, екі рет кездескені суреттеледі. Онда шырқалған әндер туралы кейінірек қаузармыз, одан да маңыздысы қазір көп шырқала бермейтін, тіпті ұмытылуға айналды ма екен, әлде мүлде ұмытылып кетті ме екен, мына бір әндерге назар тіктеуге тура келеді.