Аймақтар • 11 Маусым, 2024
Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен Алматы облысының қайта құрылғанына екі жылдан астам уақыт болды. Әйгілі Хантәңірі мен асқақ Алатаудың етегін алып жатқан, Қарадала төсін дүбірге бөлеп, Іленің бойын құтты қоныс еткен, түгін тартса майы шығатын өңірдің ауыл шаруашылығын қарқынды дамытумен қатар ірі өндіріс ошағына айналдыру бүгінгі күннің басты міндеті екенін Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиев атап өтті.
Саясат • 11 Маусым, 2024
Қазақстан Кореяның ең ірі сауда және инвестиция серіктесіне айналды - Юн Сок Ёль
Қазақстан Кореяның Орталық Азия өңіріндегі ең ірі сауда және инвестиция серіктесіне айналды. Бұл туралы Корея Республикасының Президенті Юн Сок Ёль «Egemen Qazaqstan» газетіне берген сұхбатында айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Экономика • 11 Маусым, 2024
Көлік саласын дамыту қай бағытта өрбиді?
Еліміз таяу арада тасымал жолдарын әртараптандырып, оңтүстік пен солтүстік, шығыс пен батыс арасын жалғап жататын ауқымды транзиттік хаб құрғысы келеді. Оған себеп те, негіз де көп. Сарапшылар да жақын жылдарда Еуразиядағы тасымал ағыны күрт көбейеді деп болжап отыр. Алда тұрған міндеттің ауқымдылығы сол – қазір қабылданатын тиімді логистикалық шешім келешектегі табыс пен қауіпсіздік кепілі болмақ.
Туризм • 11 Маусым, 2024
Соңғы жылдары Алакөл жағалауы – демалушыларға таптырмас орынға айналды. Көл суына тәнтілер мұнда қызмет көрсету деңгейінің төмендігіне де көз жұма қарайды. Биыл сол қателіктерді түзету мақсатында Алакөл ауданының әкімі Алмас Абдинов Ақши аулында орналасқан «Alakol Resort» демалыс орнында кәсіпкерлермен кездесіп, аталған мәселелерді талқылады.
Өндіріс • 11 Маусым, 2024
Тоқырау жылдары Теміртау сүт зауыты жұмысын тоқтатып, қараусыз қалған. Зауытты ұры-қары торуылдап, біраз мүлкін қолды қылады. Тәуелсіздік алғаннан кейін бір кездері дүрілдеп жұмыс істеген зауытты қайта қалпына келтіріп, іске қосу үшін сегіз ай уақыт жұмсалған.