Аймақтар • 06 Маусым, 2019
Некібаевтар отбасы ұстаздар әулетінен. Бұл саладағы жалпы жұмыс өтілі 200 жылға жуық. Кеудесі мемлекеттік марапаттарға толы Қожатай ақсақал саналы ғұмырын халық ағарту ісіне арнаған. Оның ғибратты еңбек жолын 3 баласы, 2 келіні, 4 немересі жалғастырып келеді.
Руханият • 06 Маусым, 2019
Әлемнің қылқалам шеберлері – Алтайда
Әлемнің 10 мемлекетінің (Германия, Франция, Түркия, Литва, Грузия, Татарстан, Өзбекстан, Әзербайжан, Қырғызстан, Қазақстан) 20 суретшісі өр Алтайдың төріне – Катонқарағай ауданына келді. Дүние жүзінің түкпір-түкпірінен Алтайға асыға жеткен қылқалам шеберлері 4-11 маусым аралығында табиғаты көркем мекендегі «Рахман қайнары» шипажайының маңында жұмыс істемек.
Спорт • 06 Маусым, 2019
Футболдан Қазақстан ұлттық құрамасы 2020 жылы өтетін Еуропа чемпионатының іріктеу турнирі аясында Бельгия және Сан-Марино құрамаларына қарсы кездесу өткізеді. 8 маусымда сырт алаңда Бельгиямен күш сынасса, 11 маусымда «Астана Аренада» Сан-Марино футболшыларын қабылдайды.
Қазақстан • 06 Маусым, 2019
Қазақстан ипотекалық компаниясы мен Денсаулық сақтау министрлігі, Білім және ғылым министрлігі арасында «Нұрлы жер» бағдарламасы бойынша сатып алу құқығымен тұрғын үйлерді жалға беру туралы келісімдерге қол қойылды. Келісім негізінде мұғалімдер мен дәрігерлерге бастапқы жарнасыз пәтер берілмек.
Қазақстан • 06 Маусым, 2019
Денсаулық сақтау саласының мәселелері талқыланды
Сенат депутаттары Серік Бектұрғанов пен Мұрат Бақтиярұлы еліміздің денсаулық сақтау саласындағы мамандар қорын басқару, салааралық үйлестіру мен дәрігерлік және фармацевтикалық білім беру саласындағы мемлекеттік басқару мәселелері бойынша Денсаулық сақтау министрлігінің өкілдерімен кездесті.