Өндіріс • 08 Маусым, 2023
Машина жасау саласы: Жаңаша дамуға бағдар
Республикамыздың машина жасау саласы өндірістік, экспорттық әлеуетін арттыру, инвестиция тарту, білікті кадрлар даярлау жүйесін жетілдіру жолында дамудың жаңа кезеңіне қадам басты. Бұл бағыттағы межелі істер сала дамуының алдағы бес жылға арналған кешенді жоспарында қамтылған.
Қаржы • 08 Маусым, 2023
Жақында еліміздің бас қаржы реттеушісі – Ұлттық банктің Ақша-кредит саясаты комитеті осы жылдың сәуір және мамыр айлары аралығындағы іскерлік белсенділік индексіне енген өзгерістерді атады.
Экономика • 08 Маусым, 2023
ЕАДБ: Өсім факторы – өзгерістерге бейімделу
Алдағы жылы еліміздің ІЖӨ өсімі 4,4% деңгейінде болжанып отыр. Экономиканы әртараптандыру жөніндегі мемлекеттік бастамалар, мақсатты инвестициялар, сондай-ақ өндірістік қуаттарды кеңейту сыртқы ортаның қолайсыз әсерін өтейді.
Инфографика • 08 Маусым, 2023
Осыдан біраз бұрын ауыл тұрғындарының өмір сүру сапасы мен әл-ауқатын жақсартуда және ауылдық жерлерді тұрақты дамытуға арналған «Ауыл – ел бесігі» жобасы іске қосылғаны бар. Аталған жобада жаңа жұмыс орындарын ашып, балабақша, мектеп, аурухана, жол, газ, су сынды әлеуметтік-экономикалық тұрғыдан қамтылуы, сонымен қатар орта және шағын бизнесті дамыту үшін бірқатар басымды бағыт белгіленді. Соның ішінде әрдайым өзектілігін жоғалтпаған су мәселесі ел тұрғындарының күн тәртібінен түспеген басты талабы екенін айтуға тиіспіз.
Өнім • 08 Маусым, 2023
Азық-түлік қауіпсіздігі – ғаламдық мәселе
Осыдан екі жыл бұрын Біріккен Ұлттар Ұйымының Азық-түлік жүйелері жөніндегі саммитінде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев: «Жер-су ресурстарын барынша тиімді пайдалану мақсатында жердің құнарын арттыру, су үнемдеу технологияларын енгізу және су өткізу жүйелерін цифрландыру жөнінде іс-шаралар қабылдадық. Орнықты азық-түлік жүйелері туралы айтқан кезде көптеген елде су дипломатиясына қатысты мәселелер өзекті екені анық байқалады. Азық-түлік жүйелері жөніндегі проблемалар мен су ресурстарын басқару, шекаралық өзендерді пайдалану мәселелері өзара тығыз байланысты. Мұның барлығы азық-түлік жүйелері туралы келісімдерде көрініс табуы керек», деген еді.