Үкімет • 06 Маусым, 2019
Бюджеттің атқарылу есебі тыңдалды
Мәжіліс Төрағасы Нұрлан Нығматулиннің төрағалығымен өткен палатаның жалпы отырысында Үкімет пен Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің 2018 жылғы республикалық бюджеттің атқарылуы туралы есебі қаралды.
Аймақтар • 06 Маусым, 2019
Терапия түрлері көп. Әркім өзіне тиімдісін таңдайтын терапия ішінде «арт» деп аталатын музыкамен, суретпен, бимен, жалпы өнермен емделетін түріне, әсіресе балалар үйір келеді. Ауруы жанына батып, меңдеген сырқаты көздеріне мұң ұялатып тұрса да, жүрегінен әлі де болса қуаныш тапқысы келетін балдырғандар күлкі, қуаныш арқылы діңкелеткен дертін жеңіп, айығып шығуға мүмкіндігі мол екенін түйсігімен сезеді.
Қазақстан • 06 Маусым, 2019
Биыл елімізде Жастар жылы жарияланды. Білім және ғылым вице-министрі Фатима Жақыпованың мәліметінше, Қазақстанда 35 жасқа дейінгі 7 мыңнан аса ғалым бар. Бұл елдегі 22 мыңнан аса ғалымның 32 пайызын құрайды. Қазақ ғылымындағы жас ғалымдардың үлес салмағын көбейтуге не кедергі?
Сайлау • 06 Маусым, 2019
Аумақтық және учаскелік сайлау комиссияларының 70 мыңға жуық мүшесі Қазақстан Республикасы Президентінің кезектен тыс сайлауын өткізу үшін электораттық оқудан өтті.
Сайлау • 06 Маусым, 2019
Ұлттық викторинаның екінші кезеңі өтті
Орталық сайлау комиссиясы сайлау құқығы мен сайлау процесі мәселелері бойынша Қазақстанның жоғары оқу орындары студенттерінің арасында ұлттық викторинаның екінші кезеңін өткізді.