Аймақтар • 08 Маусым, 2024
«Соңғы кезде Батыс Қазақстан облысында кәмелетке толмағандардың себебінен болған көлік апаты жиілеп кетті» деп дабыл қағады облыстық ішкі істер департаменті. Мұның ішінде ақыры адам өлімімен аяқталған оқиғалар да бар.
Алматы • 08 Маусым, 2024
Қазіргі таңда Алматы қаласының тұрғындары үй, пәтер сатып алмай тұрып білуге тиіс бірқатар мәселе бар. Мегаполисте заңды белінен басып салынған құрылыс нысандары бар болғандықтан, билік жылжымайтын мүлікті сатып алуға ұсынылмайтын тұрғын үй кешені тізімін қайта-қайта толықтыруға мәжбүр. Ал қала құрылысын бақылау басқармасы дәл осы күндері бұл тізімдегі тұрғын үй кешендерінің саны 45-ке жеткенін мәлімдеп отыр. Яғни бұл нысандардың құрылыс салуға рұқсат құжаты түгел емес немесе жобадан ауытқыған, яки басқа да заң бұзушылықтарға жол берілген.
Сұхбат • 08 Маусым, 2024
Дархан САТЫБАЛДЫ: Мақсат – жалпы өңірлік өнім көлемін екі есе арттыру
Біраз жыл бұрын еліміздің әкімшілік-аумақтық құрылымы өзгеріп, Түркістан облысы құрылғаны белгілі. Қоңыртөбел тірлік кешіп жатқан қаланың бір күнде өңір орталығына айналуы, қоржыны тоқ мегаполистен бөлінуі бастапқыда тұрғындарды алаңдатқаны да рас. Алайда қайта құрылымдау дамуға тың серпін бергенін аймақтың бүгінгі келбеті айғақтап тұр. Осы ретте бүгінгі ілкімді істер мен алдағы межені білмек ниетпен облыс әкімі Дархан САТЫБАЛДЫНЫ әңгімеге тартқан едік.
Өнер • 08 Маусым, 2024
Бір-біріне мүлде ұқсамайтын екі музыкалық жүйені, екі түрлі музыка тілін – Еуропаның операсы мен қазақтың дәстүрлі музыкалық мәдениетін біріктіріп, ұлттық классикалық туынды жазу және оны сахналау әсте оңай емес.
Спорт • 08 Маусым, 2024
Алматыда олимпия ойындарына дзюдодан 60 килоға дейінгі салмақ дәрежесінде Қазақстан құрамасы атынан қатысатын спортшы анықталды. Парижде өтетін XXXIIІ Жазғы Олимпиада ойындарына іріктеу белдесуінде Елдос Сметов үздік атанды. Ол өз кезегінде командаластары Мағжан Шамшадин мен Нұрқанат Серікбаевтан басым түсіп, Париж Олимпиадасына қатысу құқығына ие болды.