Спорт • 06 Маусым, 2023
Бұл күндері Ақтау қаласында Ғылым және жоғары білім министрлігі және Ұлттық ғылыми-практикалық дене тәрбиесі орталығының ұйымдастыруымен жоғары оқу орындарының студенттері арасында XII жазғы универсиада ойындары басталды. Студент спортшылардың байрақты бәсекесі 24 маусымға дейін жалғасады. Олар спорттың 17 түрінен сынға түсіп жатыр. Кеше жарыстың ресми ашылу салтанаты өтті.
Аймақтар • 06 Маусым, 2023
Әулиеатада алауы тұтанған VI жазғы спартакиада мәресіне жетті. Тараз топырағына табан тіреген саңлақтар волейбол, су добы, дзюдо секілді үш спорт түрінен сынға түсіп, өзара кім мықтыны анықтады. Ұлттық құраманың негізін құрайтын спортшылар іріктелетін додада жамбылдық волейболшылар қарсыластарына дес берген жоқ.
Спорт • 06 Маусым, 2023
16-18 маусым күндері дзюдодан Астанада өтетін «Qazaqstan Barysy» «Grand Slam 2023» турнирінде Қазақстанның ерлер құрамасы қандай құрамда өнер көрсететіні анықталды.
Теннис • 06 Маусым, 2023
Париждегі Ролан Гаррос турнирінде Қазақстанның теннисшілері сәтсіз өнер көрсеткені жайында біз бұған дейін де хабарлағанбыз.
Қоғам • 06 Маусым, 2023
Осыдан бір жарым ай бұрын Қарасу ауылында ашылған қымызхана бүгінде бүкіл Торғай өңіріне белгілі демалыс орнына айналды десек артық емес. Биыл бие байланғалы, шалғай ауылдың маңында, күре жолдың бойында тұрған қос киіз үйдің алды қонақтан құрғап көрген емес. Тіпті біраз жұрт Арқалық, Амангелдіден арнайы келіп, осы жерде шағын той-томалақтарын өткізіп кетеді.