Елордада күш сынасатын балуандар арасындағы ең атақтысы – Ғұсман Қырғызбаев. 66 кило салмақта күресетін қандасымыз 2021 жылы әлем чемпионатының күміс жүлдегері атанды. Жансай Смағұлов (73 кило) пен Ислам Бозбаевтың да (100 кило) халықаралық ареналарда жиған тәжірибелері мол. Олар құрлықтық деңгейдегі жарыстарда жүлде алған. 73 кило салмақтағы Данияр Шамшаевқа да үлкен үміт артылып отыр. 21 жастағы жалынды жастың былтыр Астанада Азия чемпионы атанғаны есімізде. Соңғы кездері Гранд-слэм және Гран-при додаларында жеңіс тұғырына көтерілген Нұрқанат Серікбаев (60 кило), Сұңғат Жұбатқан (66 кило), Абылайхан Жұбаназар (81 кило) және Ғалымжан Қырықбай да (+100 кило) өз жанкүйерлерін қуантады деп үміттенеміз.
Сондай-ақ басқа да балуан жігіттер татамиге шығады.