Театр • 07 Маусым, 2024
Зұлмат жылдардың зобалаңы. Алаш жұртына төнген азап. XX ғасырдағы қасірет. Қанды қасап. Қабырғасына қан қатқан Қарағанды лагері. Ақтаңдақ ақиқат. Алаш жырының ардакүреңі атанған ақын Ғалым Жайлыбайдың «Қара орамал» поэма-реквиемі – ғасырдың қайғысы, адамзаттың аза жыры. Біздің бұл жолғы айтпағымыз сол поэма-реквием негізінде дайындалған қойылымды Е.Бөкетов атындағы Қарағанды зерттеу университетінің студенттері сахнаға сәтті алып шықты.
Теннис • 07 Маусым, 2024
Қазақстанның сақа теннисшілері үшін Париждегі «Ролан Гаррос» турнирі аяқталғанымен, жасөспірімдер буыны арасындағы «French Open» бәсекесінде Әмір Омарханов табысты өнер көрсетіп жатыр.
Оқиға • 07 Маусым, 2024
Жасөспірім төрт күннен бері табылмай жатыр
Полиция қызметкерлері, еріктілер, ТЖД қызметкерлері және басқа да ақтөбелік азаматтар 4 маусым күні кешкілік уақытта үйінен белгісіз бағытқа шығып кеткен 13 жастағы Жетіру Кәрімді іздестіріп жатыр. Баланы іздеуге 500-ге жуық адам жұмылдырылды. Кинологтер ізшіл иттерімен бала жоғалған «Заречный-1» тұрғын үй алабын, Елек және Қарғалы өзендерінің жағалауын түгел тексеріп шықты. Іздестіру шараларына 40 бірлік техника, екі қайық, ұшу аппараттары да пайдаланып жатыр. Алайда осы кезге дейін көрдім-білдім деген адам табылмады.
Ғылым • 07 Маусым, 2024
Жас оториноларингологтердің Астана медицина университетінде өткен «Плужников оқулары» алғашқы Еуразия халықаралық мектебінде» білгір мамандар бас қосты. Оқу орнының 60 жылдығына орай ұйымдастырылған іс-шараға зерттеушілер, ғалымдар, резиденттер, магистранттар, докторанттар қатысты.
Қоғам • 07 Маусым, 2024
«Халық заңгерінен» кеңес алғандар көп
Еліміздің бірнеше өңірінде қатар өткен «Халық заңгері» республикалық акциясы Астана қаласында да ұйымдастырылды. Бұл күні тұрғындар заң саласының мамандарынан тегін заңгерлік кеңес алды. Кеңес беруге келген тұлғалар қатарында мемлекеттік қызметкерлер, жеке адвокаттар, нотариустар болды.