4 маусымда кешкілік Жетіру Кәрім қақпаны ашып, көшеге шығып кеткен. Үйінде атасы мен әжесі болған. Жасөспірімнің анасы перзентханада. Сол күні қатты нөсер құйып тұрғанда, оның көшеге шығып кеткенін үйдегі қарт кісілер байқамай қалыпты. Жасөспірім туабітті сырқат. Сол төңіректегі үйлердің шатырлары, кәріз құдықтары, қазулы шұңқырлар түгел тексерілгенімен, еш нәтиже жоқ. Бала жаңбыр жауып тұрғанда, өзен жағалап кетуі немесе тоғайдың арасына кіріп кетуі де мүмкін. Күннің күркіреуінен қорқып елсізге қарай кетіп, адасып жүре беруі, не ағаштың түбінде тығылып жатыр деген күдік бар. Еріктілер жасөспірімнің фотосуретін алып, жол бойындағы тамақтану орындары, жанар-жағармай бекеттері мен дүкендерге кіріп сұрастырса да, күн кешкіргенде кеткен баланы көрдім-білдім деген адам жоқ. Қазіргі кезде көшелер мен ғимараттардағы барлық бейнебақылау камералары тексеріліп жатыр.
Ақтөбе облысы