Өндіріс • 07 Маусым, 2024
«Астана нан» ЖШС кәсіпорнының 49,3 мың шаршы метрді алып жатқан 6 өндірістік корпусында 13 өндірістік желі жұмыс істейді. Зауытта гербицидтің 29, инсектицидтің 11, фунгицидтің 6, тұқым өңдеуге қажетті дәрі-дәрмектің 7 түрі өндіріледі.
Өнер • 07 Маусым, 2024
Ерболат ТӨЛЕПБАЙ: Суретші талғамымен, айтар ойымен биік болса игі
Әлемнің 40-тан астам елінде көрмесін өткізген суретші бізде саусақпен санарлық қана, тіпті жалғыз десек артық емес. Басқасын былай қойғанда, Париждегі көрмесі Сальвадор Далимен бір залда өткен Ерболат Төлепбай таланты төрткүл дүниеге мәшһүр. Әлемдік деңгейдегі мен деген небір мықты өнертанушылардың жоғары бағасын алған қылқалам шеберінің суреттегі басты жаңалығы – өткен ғасырдың 80-жылдары елімізге алғаш рет қазақы сюрреализмді әкелуі. Сонысымен де ол өз қатарластары арасында дара болды, жаңалықтың жаршысына айналды.
«Таза Қазақстан» • 07 Маусым, 2024
Қостанайда «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында жарыс түріндегі ерекше сенбілік өтті. «Тазалық ойындары» деп аталған игі іске қатысушылар «Золотой фазан» демалыс кешенінің маңындағы орман алқабын қоқыстан тазартты.
Мәдениет • 07 Маусым, 2024
«Түрік» сөзі хақында бірер сөз
Тарихи таным үнемі жаңғырып, жаңарып отыратын үдеріс десек, бүгінде «түрік» этнонимінің төңірегінде түрлі ой айтылып, термин таным таразысына қайта түсіп отыр. «Egemen Qazaqstan» газетінде жарияланған пікірлер осыны аңғартады. Бұл өзі бұрын сөз болған, бірақ нақты ғылыми шешімін таппаған мәселе болғандықтан күн тәртібіне қайта қойылып отыр. Байқасақ, бүгінде «түрік» сөзіне байланысты пікірлер екіге жарылған. Біреулері «түркі» сөзжасамын дұрыс санаса, екіншілері «түрік» деген қолданысты құп көреді. Бірақ «түрік» сөзінің этимологиясы мен семантикасына қатысты жаңаша пікірлер айтып жатқандары аз. Әркім өз ұстанымын ортаға салып, өзге мәселелерге мән бермейтін сияқты.
Ауыл • 07 Маусым, 2024
Шөладыр төскейінде береке тапқан
Аумағына Түменбай, Темірлік ауылдары кіретін Кереге таулы Кеген ауылдық округінде 6 мыңға жуық ірі қара, 30 мыңнан артық қой-ешкі және 2 мыңнан аса жылқы тіркелген.