Президент • 26 Маусым, 2019
Мемлекет басшысы бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы сыйлықтар мен гранттар тапсырды
Қасым-Жомарт Тоқаев рәсім кезінде сыйлық лауреаттары мен грант иелерін, алғыс жарияланған шығармашылық ұжымдарды және барлық журналистер қауымын келе жатқан кәсіби мерекелерімен құттықтады. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.
Аймақтар • 26 Маусым, 2019
Азық-түлік тиелген автокөлік керуені Ақтөбеден Арысқа аттанды
Ақтөбе аймағында «Арыстықтар –біз сіздермен біргеміз» атты көмек беру мен қолдау акциясы Оңтүстік өңірден апат жөніндегі суыт хабар жетісімен-ақ басталып кетті.
Аймақтар • 26 Маусым, 2019
Аралдықтар ауыртпалықты бөлісуде
Түркістан облысы Арыс қаласының әскери бөлімінде орын алған төтенше оқиғаға байланысты Арал ауданына қарасты Сексеуіл темір жол стансаларында оқиғаға орай кідірген 4 жолаушы пойызындағы 700 жолаушыға ыстық тамақ пен салқын сулар тегін таратылды деп хабарлайды «Nur Otan» партиясы аудандық филиалының баспасөз қызметі.
Президент • 26 Маусым, 2019
Қ.Тоқаев: Көп балалы және аз қамтылған отбасылардың балаларына 5 мың білім гранты бөлінеді
Бұл туралы бүгін Ақордада БАҚ өкілдеріне ҚР Президентінің сыйлықтары мен гранттарын табыстау рәсімінде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Руханият • 26 Маусым, 2019
Қаламгер қауым Сәбит Мұқанов шығармашылығын ой елегінен өткізді
Қазақ әдебиетінің классигі Сәбит Мұқановтың «Адасқандар» романы кезінде пікір-талас туғызып, зерттеушілердің қызу талқылауына түскені белгілі. Қатал сынға ұшырап, кейіннен бірнеше рет өзгеріске түскен роман «Мөлдір махаббат» болып жарыққа шықты. Шынайы өмір шындығына негізделген шығарма бірнеше мәрте көптеген данамен басылды. Кезінде зерттеушілер өмірлік оқиғалардан өрілген романға деген сұраныстың жоғары болғандығы шығарманың өміршеңдігін дәлелдеді деп баға берген еді.