Аймақтар • 26 Маусым, 2019

Аралдықтар ауыртпалықты бөлісуде

487 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Түркістан облысы Арыс қаласының әскери бөлімінде орын алған төтенше оқиғаға байланысты Арал ауданына қарасты Сексеуіл темір жол стансаларында оқиғаға орай кідірген 4 жолаушы пойызындағы 700 жолаушыға ыстық тамақ пен салқын сулар тегін таратылды деп хабарлайды «Nur Otan» партиясы аудандық филиалының баспасөз қызметі.

Аралдықтар ауыртпалықты бөлісуде

Пойыз бағытының өзгертілуіне байланысты кент вокзалынан түсіп, жалдамалы такси қызметіне жүгінген жолаушыларға аудан әкімдігінің жедел ұйымдастыруымен Арал қаласындағы «Арай-Такси», «Шах-Такси» диспетчерлік орталықтарының 50 жеңіл автокөлік және ЖК «Жақсат и К» автовокзалының 2 үлкен автобусы, 1 шағын автобус Сексеуіл теміржол вокзалына жұмылдырылған.

Сонымен қатар, екі жолаушы пойызы («Москва-Бішкек», «Атырау-Алматы») «Сексеуіл» стансасы арқылы Жезқазған бағытымен Алматы, Бішкек қалаларына сапарын жалғастырды.

Қазіргі уақытқа дейін барлығы 350-дей адам әр түрлі бағыттарға жөнелтіліп, қалған жолаушыларға қосымша Қазалы ауданынан 2 үлкен автобус, 2 шағын автокөлік және Төретам қаласынан 3 үлкен автобус жіберілді. Сол сияқты Арысқа азық-түлік жәрдемі де жөнелтілуде.