Экология • 04 Маусым, 2023
Дүниежүзілік қоршаған ортаны қорғау күнінің белгіленгеніне бүгін 50 жыл толып отыр. БҰҰ Бас Ассамблеясы бекіткен бұл күні шартараптың түкпір-түкпірінде миллиондаған адам планетамызды тазалауға ат салысады. Жаһандық қозғалыс қазірдің өзінде белсенді қимылдап жатқанымен, табиғатты бүлдіретін басты жау – пластмасса өнімдерді азайтуға кей мемлекет құлық танытпай тұр.
Экономика • 04 Маусым, 2023
Қырғызстанға тауар экспорты арта түсті
Еліміз Қырғыз еліне өңделген өнім экспортын 100 млн долларға дейін арттырмақ. Бұл туралы Сауда және интеграция министрлігінің QazTrade-пен бірлесіп, Бішкек қаласында өткізген отандық компаниялардың сауда миссиясында мәлім болды. Сауда және интеграция вице-министрі Қайрат Төребаевтың айтуынша, бізден Қырғызстанға саудаланатын өңделген өнімдер, негізінен тамақ, химия, машина жасау, фармацевтика, металлургия салаларының тауарлары екен.
Оқиға • 04 Маусым, 2023
Туристерді түңілткен такси жүргізушілері
Алматы қаласының туризм жөніндегі кеңес отырысында бизнес-қоғамдастық пен мемлекеттік органдардың өкілдері бас қосып, халықаралық әуежай аумағындағы такси жүргізушілердің шетел азаматтарына қатысты оспадар әрекеті кезекті рет талқыланды.
Құрылыс • 04 Маусым, 2023
Құрылыста қашан тәртіп орнайды?
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев биыл 19 сәуірде өткізген еліміздің әлеуметтік-экономикалық даму мәселелері жөніндегі кеңейтілген кеңесте: «Елімізде заң мен тәртіп қатаң сақталуы қажет. Заң үстемдігі болмаса, тұрақтылық та болмайды. Ал тұрақтылық жоқ жерде ешқандай даму да болмайды. Сондықтан азаматтарымыз заңға бағынуы керек, ал құзырлы органдар заң бұзушылықтың алдын алуға тиіс», деді.
Пікір • 04 Маусым, 2023
Өткен айда ұлттық киноның жоғын жоқтап, мұңын мұңдап жүрген бір топ киногер «Алматы» қонақүйінің алдына жиналып, салаға қатысты пікірлерін білдірді. Дау «Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығының» биыл наурыз айында өткізген киножобаларды іріктеу конкурсына қатысты туындаған. Ұлттық өнердің өткір мәселелерін көтерген азаматтар «Мәдениет шенеуніктері қазақ киносын өлтірумен айналысып жатыр» деп дабыл қақты.