Спорт • 06 Маусым, 2024
14 қыркүйек пен 6 қазан аралығында футзалдан Өзбекстанда өтетін әлем чемпионатының кестесі жарияланды. D тобында өнер көрсететін Қазақстан құрамасы тұсаукесер кездесуін 15 қыркүйекте Андижанда Испанияға қарсы өткізеді. Араға екі тәулік салып Ливиямен күш сынасамыз. 21 қыркүйекте Ташкентте Жаңа Зеландиямен шеберлік байқасамыз. Әр топтың үздік екі командасы және үшінші орын алғандар арасында ең көп ұпай жиған төрт ұжым плей-оффқа жолдама алады.
Оқиға • 06 Маусым, 2024
Қостанайда 23 жастағы бойжеткен өзіне қол жұмсады
Қостанай облысының полиция департаменті 5 маусымда Қостанай қаласындағы Киев көшесінің бойында 23 жастағы әйел адамның мәйіті табылғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Спорт • 06 Маусым, 2024
Шосседегі велоспорттан Алматыда Азия чемпионатының шымылдығы түрілді. Елімізде тұңғыш рет ұйымдастырылып отырған дүбірлі додаға сары құрлықтың 27 мемлекетінің спортшылары қатысуда.
Форум • 06 Маусым, 2024
ТМД: V жастар театр форумы басталды
Алматы шаһары театр кеңістігіндегі нағыз шығармашылық мамандардың бас қосатын ауқымды алаңына айналды. Алматыда Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен, Қазақстан Театр қайраткерлері одағының ұйымдастыруымен ТМД, Балтық және Грузия елдерінің V жастар театр форумы салтанатпен ашылды. Форум маңдайындағы «жастар» мәртебесі қатысушылар жасының шектеулі екенінен хабар береді. Алматы қаласына 9 елден: Қазақстан, Әзербайжан, Армения, Беларусь, Қырғызстан, Молдова, Ресей, Тәжікстан және Өзбекстаннан 35 жасқа дейінгі 200-ден астам режиссер, драматург, актер, сценографтар мен театр сыншылары келді. Режиссура, драматургия, сценография және театрдың өзге жанрындағы дарынды жас мамандарды бір ортаға тоғыстырған форум 3-9 маусым аралығын қамтып, драма өнерінің мерекесі қазақ елі мәдени кеңістігін бір апта бойы дүбірлетпек.
Тағайындау • 06 Маусым, 2024
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі тағайындалды
Бұл туралы Үкіметтің баспасөз қызметінен мәлім болды, деп хабарлайды Egemen.kz.