Үкімет • 06 Маусым, 2024
Бюджетті жоспарлауда нақтылық маңызды
Мәжіліс спикері Ерлан Қошановтың төрағалығымен палатаның жалпы отырысы өтіп, депутаттар жаңа заң жобаларын жұмысқа алды. Атап айтсақ, Түркістан қаласына ерекше мәртебе беру, Қазақстан мен Сингапур арасындағы көрсетілетін қызметтер саудасы және инвестициялар жөніндегі келісімді ратификациялау туралы заң жобалары талқыланды.
Қаржы • 06 Маусым, 2024
Валюталық интервенция жасалмады
Мамыр айының қорытындысы бойынша теңге бағамы 1,2%-ға – 1 доллар үшін 447,25 теңгеге дейін әлсіреді. Қазақстан қор биржасындағы сауда-саттықтың орташа күндік көлемі бір айда 234 млн доллардан 251 млн долларға дейін ұлғайды. Сауда-саттықтың жалпы көлемі – 5 млрд доллар. Ұлттық қордан республикалық бюджетке трансферттерді қамтамасыз ету үшін мамырда 800 млн долларға валюта сатылған.
Кәсіпкер • 06 Маусым, 2024
Кәсіптің көзін табу бар да, оны дөңгелетіп әкету бар. Бастаған ісіңе қызықсаң, дөңгелейді. Әйтпесе бір орында табандап тұрып алады. Тігінші Саят Шаяхметов Өскемен өңірінде жоқ кәсіпті қолға ала салып, шырқ үйірді. Ол қазір тау-тасқа, табиғатқа киетін брендті күртеше мен сөмкелердің түр-түрін тігіп жүр.
Аймақтар • 06 Маусым, 2024
Нұра да жаңа баспанадан үмітті
Сәуірдің басында Торғай өзенінің күрт тасуынан Нұра, Белшер, Мамыр ауылдарының үйлері түгел су астында қалды. Нұра ауылында 100-ден астам, Мамырда 25 үй, Белшерде төрт үй суға кетсе, көктемде қаншама малды тосыннан келген топан су ағызып кетті. Тұрғындар тікұшақпен Ырғыз елді мекеніндегі үш мектепте ашылған эвакуациялық орталыққа орналастырылды. Содан бері әлі эвакуациялық орталықта тұрып жатқандар бар.
Экономика • 06 Маусым, 2024
Сенаттың Халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің төрағасы Андрей Лукин Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымының жаһандық өзара іс-қимыл бөлімінің басшысы Рольф Шварцпен кездесті.