Комитет төрағасы Андрей Лукин Қазақстан ЭЫДҰ-дағы халықаралық бастамаларға белсенді қатысып келе жатқанын айта келіп, жаһандық күн тәртібінің дамуына үлесін қосқанын атап өтті. Еліміз өзара іс-қимыл жылдарында Ұйымның азаматтар өмірінің сапасын жақсартуға және экономикалық өркендеуге бағытталған жоғары стандарттарын дәйекті түрде енгізуге жол ашты.
«Біз Қазақстанда болып жатқан жаңару үдерістерінде ЭЫДҰ-ның жәрдемін жоғары бағалаймыз. Еліміз әлеуметтік-экономикалық дамуда және құқықтық, демократиялық мемлекет құруда айтарлықтай жетістіктерге қол жеткізді. Қазақстан қазіргі кезеңде өзінің саяси және экономикалық дамуының маңызды кезеңінде тұр. 2022 жылдың наурыз айында Мемлекет басшысы Әділетті Қазақстанды қалыптастыру жөніндегі саяси және экономикалық реформалар бағдарламасына бастамашы болды. Бұл реформалар билік тармақтары арасындағы тежеу мен тепе-теңдік жүйесін нығайтуға, мемлекеттік басқарудың ара-жігін ажыратуға, көппартиялық жүйені дамытуға және саяси бәсекелестікті күшейтуге бағытталған. Президенттің бағдарламасы Қазақстанда саяси демократиялық жүйені орнату жолындағы зор қадам болды», деді Андрей Лукин.
Рольф Шварц ұйым кейінгі жылдары Қазақстанда елеулі оң өзгерістерді көріп отырғанын атап өтті. Ол ЭЫДҰ стандарттарын енгізу және Қазақстанның халықаралық бастамаларға белсенді қатысуы экономиканың өсуіне ғана емес, азаматтардың өмір сүру жағдайын жақсартуға да ықпал еткенін жеткізді. Сондай-ақ елдегі саяси және экономикалық реформалардың жалғасуы демократияның нығаюына және тұрақты дамуды қамтамасыз етуге әкелетініне сенім білдірді.
Тараптар кездесу соңында экономикалық тұрақтылық пен халықтың әлеуметтік әл-ауқатын күшейтуге бағытталған ЭЫДҰ бағдарламалары аясында одан әрі ынтымақтастық пен тәжірибе алмасу мүмкіндіктерін талқылады.