Сұхбат • 06 Маусым, 2024
Алаяқтықты тыюдың тиімді жолы – ақпараттық сауат
Астана – еліміздегі ішкі көші-қон үдерісінің орталығы әрі басты тартылыс күші. Ұлан-ғайыр Отанымызды былай қойғанда, мұнда алыс-жақын шетелден де ағылған халық көп. Елордамызды айнала қоршап тұрған Целиноград ауданы бұл үдерістен тыс емес. Өйткені халқының басым бөлігінің тыныс-тіршілігі Астанамен тығыз байланысты. Соған орай криминогендік ахуалы да жіті қадағалауды талап ететіндіктен, аудандық полиция бөлімінің басшысы, полиция полковнигі Қанат БИТАҚОВТЫ әңгімеге тартып, бірқатар сұрақ қойдық.
Аймақтар • 06 Маусым, 2024
Қызылордадағы Достық үйінде облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы Ақсақалдар кеңесінің екінші отырысы өтті. Кеңес мүшелері, белсенді жастар және «Қоғамдық келісім» мекемесі қызметкерлері қатысқан отырыста суицид пен оның алдын алу мәселесі қаралды.
Тұлға • 06 Маусым, 2024
Қайраткердің әдебиеттану мұрасы
Мемлекет басшысы тарихымыздың күрделі кезеңдерін терең зерделеп, жазықсыз жапа шеккен боздақтарды ақтау ісін жалғастыру аса маңызды іс екенін атап көрсетті. Бүгінгі айтпағымыз да саяси қуғын-сүргін құрбаны болған тарихи тұлғалардың бірі, биыл туғанына 130 жыл толған Сұлтанбек Қожанов туралы. Әділетсіз қоғамның тақсіретін көп тартқан осы қайраткер кешегі 90-жылдарға дейін елеусіз, ескерусіз қалып келді. Қарт Қаратаудың теріскей бетіндегі шежірелі Созақ жерінде, дәлірек айтқанда, әулиелі Ақсүмбе, періштелі Ақбикеш баурайында дүниеге келген ол Түркістан, Ташкент, Орынбор, Қызылорда, Мәскеу, т.б. қалаларда оқып, еңбек етіп, саяси тұлға деңгейіне көтерілді. Тәрбие көзі ұстаздық еңбек пен хатшылық, комиссарлық қызметтің қай-қайсысын атқарса да елдік ұстанымнан айныған жоқ. Қожановты қайта тану сол тоқсаныншы жылдары жаңа бір күшпен белең алды. Профессор Темірбек Қожакеевтің, ҰҒА корреспондент-мүшесі Амантай Шәріптің, жазушы ғалымдар Бейбіт Қойшыбаев, Жолтай Әлмашұлы мен Дулат Тұрантегінің әр кезде жарық көрген еңбектері қайраткердің әр алуан қырын ашып, халыққа танытып жатыр.
Аймақтар • 06 Маусым, 2024
Маңғыстау облысында екі жасар бала Каспий теңізіне батып кетті
2022 жылы туған бала Каспий теңізінде суға батып кетті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Таным • 05 Маусым, 2024
Ғалам ғажаптары: Ештеңесі жоқ кітап
Кітап – ғаламның ғажайыбы. Мұны Максим Горький айтқан. Осы ғажап дүниенің әлемде сан түрі бар. Жұқасы, қалыңы. Тіпті ішінде ештеңесі жоқ кітап та жұртшылықтың көңілінен шығыпты.