Әдебиет • 27 Маусым, 2018
Әже дегенде – көз алдыңа бұтағы сала-сала, жасыл жапырағы жайнаған, төңірегі текемет түріндей алып бәйтерек келеді. Түбіндегі білеу-білеу, жуан-жіңішке алақан секілді тамырдан күн шуағындай шалқыған күлкіні, әдемі тірлікті көргендей боласың.
Тарих • 27 Маусым, 2018
Журналист жазбалары: Шіркін, біздің «Жетісу»!
Бір ғасырлық жасы бар аға газеттің оқырмандарымен сырласқан сол бір сәттер, аяулы уақыт мезгілдері сағынышпен еске түседі. Шіркін!.. Көкбазардың түбінде көк шынымен көмкерілген 9 қабатты еңселі «Баспа үйінің» алтыншы қабатының күншығысында облыстық «Жетісу» газетінің редакциясы, ортасында орыс тілді «Огни Алатау», батыс бөлігін республикалық «Қазақстан пионері» газетінің редакциясы алып жататын. Көз талдыратын ұзын-сонар дәлізде екі жерден қойылған қос-қос лифті күндіз-түні, жоғары-төмен тынбай жүріп тұрушы еді. Бұл лифтіге кімдер мініп-түспеді, бұл лифтімен кімдер жүрмеді?! Қазақстанның төрт бұрышына тарайтын барлық газет-журналды шығаратын тілші-тілмашыңыз, журналист-жазушыңыз осы ғимаратта көз майын тауысып еңбек етті...
Жиырма бірінші ғасыр жетістігі жөнінен өмір сүрудің мың-сан түйткілін оңынан шешіп, жан-жақты жарасымды дамуға даңғыл жол ашып жіберген сияқты бір қарағанда. Ой-ниет пен ықылас-пейіл, ұйғарым мен тәуекел секілді сан алуан ұғым-жағдаяттар барысындағы өмір қозғалысының бағытын тап басып тануға қазылық ететін жетекші сала, әлбетте ғылым.
Қазақстан • 27 Маусым, 2018
Жанар Мамағұлова: Инновациялар бизнес мүддесінде
Бизнесті ашуға және жұмыс істеуіне байланысты рәсімдерді жеңілдету Қазақстанның мемлекеттік органдарының қызметіндегі негізгі басымдықтардың бірі болып табылады.
Бағдарламалар • 27 Маусым, 2018
Олег Смоляков: Ұлттық Банк «7 – 20 – 25» бағдарламасын түсіндіру жұмыстарын жүргізуде
Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың тапсырмасы бойынша әзірленген «7 – 20 – 25» ипотекалық мемлекеттік бағдарламасы көптеген қазақстандыққа меншікті тұрғын үйін сатып алуға мүмкіндік береді, сондай-ақ тұрғын үй құрылысы нарығына ынталандырушы әсер етеді.