Аймақтар • 01 Маусым, 2024
Облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясының «Бірлік – дамудың негізі» атты ІІІ сессиясының жұмысы қорытындыланды. Жиынға арнайы қатысқан облыс әкімі Бейбіт Исабаев ел бірлігін насихаттап жүрген азаматтарға алғысын жеткізді. Келер жылы күзде облыс орталығында Достық аллеясы бой көтереді. Сондай-ақ Достық үйіне ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілмек.
Сауда • 01 Маусым, 2024
29 мамырда Мәскеуде өткен Еуразиялық экономикалық комиссия кеңесінің отырысында кедендік реттеу, салық және дәрілік препараттар саласындағы бірқатар рәсім бойынша шешімдер қабылданды. Қазақстандық делегацияны Премьер-министрдің орынбасары Серік Жұманғарин басқарып барды.
Тағзым • 01 Маусым, 2024
Ұлт тұлғалары рухына тағзым етті
Астана қаласы Байқоңыр ауданы әкімдігінің ұйытқы болуымен Саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күніне орай аудан аумағындағы Қараөткел қорымындағы Хан Кене сарбаздары мен «Egemen Qazaqstan»-ның бастауында тұрған редактордың бірі Смағұл Сәдуақасұлы жерленген қорымға зиярат етіліп, жазықсыз жапа шеккендер рухына Құран бағышталды.
Қоғам • 01 Маусым, 2024
Бердібек Соқпақбаев мұрасы – түрік тілінде
Биыл қазақ әдебиетінің классигі, жазушы Бердібек Соқпақбаевтың туғанына 100 жыл. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен қаламгердің ғасырлық тойы өңір-өңірде жалғасып, түрлі ауқымды жобалар атқарылып жатыр. Айтулы датаның ЮНЕСКО көлемінде атап өтіліп жатқаны да жазушы мұрасын мыңжылдық етуге сеп болары сөзсіз. Осы орайда Ұлттық кітапханада қабырғалы қаламгердің түрік тіліне аударылған «Өлгендер қайтып келмейді» кітабының тұсаукесер рәсімі өтті.
Форум • 01 Маусым, 2024
«QazaqForum» қазақтілді медианы дамытуға ниетті
Еліміздегі АҚШ елшілігінің қолдауымен өтетін «QazaqForum» биыл Астана қаласында жетінші мәрте «Болашақтың дидары. Жаңа технологиялар және медиа» тақырыбымен ұйымдастырылды. Қазақ тілінде онлайн-контент жасаушылардың бұл ауқымды жобасы – танымал медиасарапшылар, журналистер, бас редакторлар, блогерлердің басын қосып, қазақтілді онлайн медианы дамыту мәселелерін талқылайтын алаң.