Білім • 29 Маусым, 2024
Орыс сыныбы оқушылары қазақша үйренеді
Катонқарағай ауданында «Қонақжай отбасы» жобасы биыл екінші жыл қатарынан жүзеге асып отыр. Глубокое, Риддер, Алтай, Шемонаиха секілді орыс ұлты көп шоғырланған аудандардың оқушылары он бес күнге Катонқарағай ауданына келіп, ауылдың тыныс-тіршілігімен танысады, ең бастысы қазақ тілін үйренеді.
Білім • 29 Маусым, 2024
«Болашақ» стипендиаттары анықталды
«Болашақ» стипендиясы иегерлерінің тізімі жарияланды. Халықаралық бағдарламалар орталығының хабарлауынша, Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссияның шешімімен 184 азамат стипендия иегері атанды.
Экономика • 29 Маусым, 2024
Елордадағы №1 индустриялық парк өндіріс тізбегін құрып, мегаполис экономикасының мүмкіндіктерін ұлғайтуда үлкен мәнге ие болып тұр. Қазір мұнда орналасқан кәсіпорындар жеңілдетілген шарттармен қолдау алып, өндірістік қуатын арттыруға кіріскен. Таяуда Инвестиция комитетінің төрағасы Ғабидолла Оспанқұлов және қалалық Инвестиция және кәсіпкерлікті дамыту басқармасының бастығы Халел Әкімжановпен бірге кәсіпкерлік нысандарға барып қайтудың сәті түсті.
Пікір • 29 Маусым, 2024
«Бұқаралық ақпарат құралдарының беделі немен өлшенеді?» деген сауалға жауап іздеп көрейік. Бұл орайда ойымызға бірден аудиторияның ауқымы, тұрақтылығы, сенімі оралатыны анық. Көрермені, оқырманы, тыңдарманы көп БАҚ беделді. Ал бедел ақпарат құралына не береді? Ақша береді. Жарнама, гранттар һәм тікелей мемлекеттік тапсырыс.
Пікір • 29 Маусым, 2024
Мемлекет басшысының бастамасымен қолға алынған «Масс-медиа туралы» заң көпшіліктің ұзақ талқылауынан өтті. Себебі бұл құжаттың қоғам өміріндегі маңызы жоғары. «Бұқаралық ақпарат құралдары туралы» заңның сонау 1999 жылы әзірленгенін және ширек ғасыр ішінде БАҚ кеңістігінің айтарлықтай өзгергенін ескере отырып, ескі заңға өзгеріс енгізбей, жаңасын жазу тиімді болды.