Аймақтар • 26 Маусым, 2019
Әскери қоймада болған жарылыстарға байланысты шұғыл түрде көшірілген арыстықтарға жол-жөнекей көмек қолын созушылар көп болды. Жалпы, Арыстағы жағдай қазақылықтың қаймағы бұзылмаған дейтін Оңтүстіктегі ағайынның ынтымағын, қиын кезде қолұшын соза білетін жанашыр екендігін тағы бір байқатты. Жаздың ыстық күнінде бас сауғалап кеткен тұрғындардың алдарынан көрші аудан, ауылдың тұрғындары су, тамақ алып шығып, күтіп алса, бірі көлігіне мінгізіп алып кетіп жатты. Бейтаныс жандарды үйіне алып барып, қондырып жатқандар қаншама. Мұны сол зардап шеккен тұрғындардың өздері айтып отыр.
Шығыс Қазақстан Арыс тұрғындарын қабылдауға дайын
Облыс әкімдігі қызметкерлерінің Арыс қаласына шығуы жоспарлануда, онда жергілікті тұрғындарға 1 528 бос орын ұсынылады.
Аймақтар • 25 Маусым, 2019
Арыс апаты: «Түркістан» корпоративтік әлеуметтік даму қоры жұмыс істейді
Түркістан облысы Арыс қаласындағы оқиғадан зардап шеккендерге жәрдем беру үшін Облыс әкімдігінің жанынан ашылған «Түркістан» корпоративтік әлеуметтік даму қорына хабарласуыңызға болады. Бұл туралы әкімдіктің баспасөз қызметі хабарлады.
Аймақтар • 25 Маусым, 2019
Фариза Оңғарсыноваға арналған республикалық мүшәйра мәреге жетті
Көрнекті ақын, мемлекеттік сыйлықтың иегері Фариза Оңғарсынованың туғанына биыл 80 жыл. Поэзия падишасының тойы туған жері Атырауда басталды. Ақын құрметіне «Жыр - менің жалғыз тарланым» атты республикалық жыр мүшәйрасы ұйымдастырылып, жүлдегерлер марапатталды.
Президент • 25 Маусым, 2019
Қасым-Жомарт Тоқаев Мәулен Әшімбаевты қабылдады
Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев «Nur Otan» партиясы төрағасының бірінші орынбасары Мәулен Әшімбаевты қабылдады. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.