Қазақстан • 05 Маусым, 2020
«Nur Otan» партиясының Праймериз өткізу ережесі жарияланды
«Nur Otan»-ның ресми сайтында партияның Саяси кеңесі бекіткен, партияішілік іріктеуді өткізу ережесі жарияланды. Бұған дейін «Nur Otan» партиясының Лидері Нұрсұлтан Назарбаев 2020 жылдың 17 тамызы мен 3 қазаны аралығында праймериз өткізу туралы Қаулыға қол қойған болатын. Бұл туралы партияның баспасөз қызметі хабарлады.
Аймақтар • 05 Маусым, 2020
Қарағанды облысы: 48 адам жұқтырып, бір науқас қайтыс болды
Қарағанды облысы әкімінің баспасөз қызметі өңірде өткен тәулік ішінде 48 адамның COVID-19 індетін жұқтырғанын және бір адамның осы аурудан қайтыс болғанын хабарлады.
Спорт • 05 Маусым, 2020
Нұр-Сұлтан футбол федерациясын Давид Лория басқарады
Нұр-Сұлтан футбол федерациясын Давид Лория басқарады. Бұл жайында айтулы ұйымның баспасөз қызметі хабарлады.
Экономика • 05 Маусым, 2020
Экономиканың энергия тиімділігін арттыру жоспары әзірленеді
Электр энергетикасын дамыту және энергия үнемдеу институты» АҚ өкілдері Германияның «Дена» энергетикалық агенттігімен 2030 жылға дейін Қазақстан экономикасының түрлі секторларының энергия тиімділігін арттыру бойынша жоспарды әзірлеуге қатысты онлайн кездесу өткізді, деп хабарлады ИИДМ баспасөз қызметі.
Елорда • 05 Маусым, 2020
Елордада тағы бір ПТР зертхана ашылды
Қалалық әкімдік пилоттық жоба ретінде көшедегі мобильді орталықты іске қосты. Енді кез келген адам көлігінен шықпай-ақ 3-4 минутта короновирусқа қатысты тест тапсыра алады, деп хабарлады әкімдіктің баспасөз қызметі.