Спорт • 05 Маусым, 2020

Нұр-Сұлтан футбол федерациясын Давид Лория басқарады

226 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Нұр-Сұлтан футбол федерациясын Давид Лория басқарады. Бұл жайында айтулы ұйымның баспасөз қызметі хабарлады.

Нұр-Сұлтан футбол федерациясын Давид Лория басқарады

1981 жылы қазіргі Нұр-Сұлтан қаласында туып-өскен Давид Лория бастапқы кезде Мәскеудің ЦСКА клубында шеберлігін шындады. 1998-2019 жылдар арлағында ол отандық «Жеңіс», «Есіл», «Шахтер», «Астана», «Локомотив», «Ертіс», «Қайрат», «Ордабасы» және Швецияның Хальмстад, Нальчиктің «Спартак», Түркияның «Ризеспор» мен «Каршияка» клубтарының қақпасын қорғады.

Қазақстанның ұлттық құрама командасы сапында 2000-2017 жылдар аралығында өнер көрсетті. Сол аралықта 45 рет жасыл алаңға шығып, 78 гол жіберіп алды. 2008 жылы Давид Лория Қазақстанның ең үздік футболшысы атағын иеленді.