Аймақтар • 04 Маусым, 2020
Қызылорда облысында 180 отбасы баспаналы болды
Бүгін облыс әкімі Гүлшара Әбдіқалықова кезекте тұрған 180 отбасыға пәтер кілтін табыстады. Оның ішінде әлеуметтік осал топтағы және көпбалалы отбасылар бар. Сырдария өзенінің сол жағалауынан орын тепкен 4 жаңа тұрғын үй «Нұрлы жер» бағдарламасы аясында салынған.
Аймақтар • 04 Маусым, 2020
Байрағымызға арналған байқау өтті
Елдігіміздің ең басты нышаны саналатын Мемлекеттік рәміздер күнін лайықты атап өту ел өңірлерінде жүйелі түрде жалғасып келеді. Есте болса 2019 жылдың қазан айында Алматыдағы Медеу шатқалының қақ төрінде еліміздегі ең үлкен Ту тұғырға қонған болатын. Ені жеті ал ұзындығы 14 метр болатын байрақ 40 метр биіктіктіктегі темір тұғырдың төбесіне ілінген. «Nur Otan» партиясы Төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбек тұсауын кескен игі шара тұтас ел көлемінде жалғасын тауып «Менің Туым, менің отаным!» акциясына ұласқан еді.
Аймақтар • 04 Маусым, 2020
Маңғыстау облысында 9500 тұрғын үй салынады
Маңғыстау облысында биыл қаржыландырудың барлық көздері есебінен 1 071 мың шаршы метр немесе 9500 тұрғын үй салу міндеті тұр, - деп хабарлады ИИДМ баспасөз қызметі.
Аймақтар • 04 Маусым, 2020
Ел таңбасына ерекше құрмет көрсетілді
Кеншілер астанасында Мемлекеттік рәміздер күніне арналған «Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздерінің философиясы – Ұлы Дала тарихында» атты онлайн-дөңгелек үстел отрысы ұйымдастырылды.
Әлем • 04 Маусым, 2020
Үш жыл түрмеде отырған көгершін босап шықты
Үндістан елінің қауіпсіздік мекемесі пәкістандық барлау-тыңшылық құрылымдарының мүддесі үшін қызмет атқарып жүр деген күдікпен үш жыл бұрын қарапайым көгершінді тұтқындаған.