Әлем • 03 Маусым, 2020
Facebook қызметкерлері Цукербергке неге қарсы шықты?
Facebook компаниясының ондаған қызметкерлері мен бірнеше топ-менеджері өз басшыларына қарсы шығып, Дональд Трамптың 29 мамырдағы доңайбат көрсеткен постын алып тастауды әрі оның аккаунтын банға жіберуді талап етіп жатыр.
Аймақтар • 03 Маусым, 2020
Жолдың жауы – ауыр жүк көліктері
Былтыр елімізде «Жол активтері сапасының ұлттық орталығы» деп аталған республикалық мемлекеттік кәсіпорын құрылып, әр облыста оның филиалдары да ашылып, жұмыс істей бастады. Жаңа мекеменің мақсаты белгілі: өзінің атауы айтып тұрғандай, жолдарды салу, қайта құру, жөндеу және күтіп-ұстау, сондай-ақ жол активтерін басқару саласындағы жұмыстар мен материалдардың сапасын сараптау. Бір сөзбен айтқанда, бұл кәсіпорынды экономикамыздың тарам-тарам тамырына айналған ірілі-ұсақты жолдардың нағыз жанашыры деуге де болады.
Коронавирус • 03 Маусым, 2020
Сақтық шараларын сақтау маңызды
Өткен аптада шекарасын ашып, қалыпты өмірге икемделе бастаған кейбір елдердің қуанышы көпке бармады. Коронавирус Латын Америкасы мен Таяу Шығыста қайта күшейіп, жаңадан 700 000 адам вирус жұқтырып үлгерді.
Аймақтар • 03 Маусым, 2020
Қарағанды облысы: Спорт саласында – қарқынды құрылыс
Биылғы жыл Қарағанды облысындағы дене шынықтыру және спорт саласы үшін қауырт шаруа, қарымды жобаларға толы болғалы тұр. Мұның Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың елімізде бұқаралық спортты дамыту жөніндегі тапсырмаларынан туындаған міндеттермен тікелей үндесіп отырғанын айта кеткен ләзім.
Қазақстан • 03 Маусым, 2020
Туризм саласын жолға қоя білген елдердің үлгісінде аталған сектор мен мемлекеттің жұдырықтай жұмылып жұмыс істегенін көруге болады. Ең бастысы туризм саласындағы кәсіпкерлік пен мемлекеттің қолға алған жобалары бірінің жыртығын бірі жамауға дайын. «Хан Тәңірі» халықаралық альпинистік лагерьдің атқарушы директоры Дәурен Уалиев біздегі ішкі туризм саласында мемлекет пен бизнес арасында әлі күнге дейін диалог орнатылмағанын айтады.