Қазақстан • 25 Маусым, 2018
Қант қызылшасы – табыстың қайнар көзі
Елімізде ауыл шаруашылығын дамыту үшін атқарылып жатқан жұмыстардың ауқымы барған сайын кеңейіп келеді. Оның ішінде отандық тұқым шаруашылығын оңтайландырып арттыруға да айрықша көңіл бөлініп отыр. Бұл жағынан Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың тарапынан тиісті орындарға жүктелген тапсырмалар ұшан-теңіз. Осы бағытта қант қызылшасына ерекше назар аударыла бастады. Енді осы бір мән-маңызы зор мәселені ғылыми тұрғыдан таразы талқысына салсақ, талай жайларға қаныға түсеміз.
Футбол • 25 Маусым, 2018
Әлем чемпионаты кезінде көптеген рекордтар жаңарып, бұрын-соңды болмаған нәтижелер тіркеліп жатыр. Әрине, бұл әлем футболы үшін аса қатты таңғалатын жағдай емес. Төрт жыл сайын бір болатын футбол тойында талай жылнамаларға енген сандардың өзгеретіні бұрыннан бар. Ал бұл жолғы чемпионатта ұлтараздық қақтығыс қылаң берді.
Әдебиет • 25 Маусым, 2018
Бүгін Мағжан Жұмабаевтың туған күні
Бүгін Алаш қайраткері, қазақ әдебиетінің жарық жұлдызы, лирик ақын Мағжан Жұмабаевтың туған күні.
Әдебиет • 25 Маусым, 2018
Мұхтар Әуезовтің ҚазПИ-дегі қызметі
Қазақ елінің тарихында ХХ ғасырдың алғашқы ширегі ауқымды саяси, экономикалық, мәдени, әдеби, әлеуметтік өмір саласында зор өзгерістер алып келген айрықша кезең болды. Үш ғасырға созылған отаршылдық қамыттың бұғауынан босауды мақсат тұтып, «Керегеміз – ағаш, ұранымыз – Алаш» деп атой салған жылдар да осынау дүрбелең кезеңнің еншісінде. Елдік сананың ояну дәуіріне айналған сол заманда халқымыздың өмірінде үлкен рухани серпіліс болып, бүкіл қазақ зиялылары таптық емес, ұлттық мүддедегі мемлекет құру жолында қайраткерлік танытып күресті. Соның бір нәтижесі ретінде алғаш Ташкентте ашылған білім ордасы қазақтың жаңа астанасы Алматыда 1928 жылы қайта тұсауы кесіліп, жұмыс істей бастады. Бұл сол уақыттағы көзқарас тұрғысынан қарағанда қазақ топырағындағы бүкіл ел үшін аса маңызды оқиға болды. Сонымен бірге қазақ зиялылары үшін ол үлкен жеңістің бірі де еді. Міне, биыл сол баяғы қарт ҚазПИ-дің (қазіргі Абай атындағы ҚазҰПУ) 90 жылдық мерейтойы мерекесі қоңыр күзде аталып өтілмек.
Қазақстан • 25 Маусым, 2018
Бурабайдағы Абылай хан алаңында қоғамдық келісім және жалпыұлттық бірлікті нығайту бойынша өткізілетін республикалық лекторий аясында Қазақстан халқы Ассамблеясының ұйымдастыруымен «Қазақтану» ғылыми-ағартушылық жобасының тұсауы кесілді.