Елорда • 20 Маусым, 2014
Астананың алтын алқасы: «Бәйтерек»
Жер-жерге, тіпті, шетелге сапарға шықсаң, қайдан екеніңді айтсаң, Астанамен қатар алтын күнді алақанда аялаған «Бәйтерек» ауызға алынып жатады. Алғашқы пайдалануға берілген күнінен бастап халық жүрегіне жол тауып, елорданың символына, қасиетті бойтұмарына айналған бұл нысан айналаға осылайша жылылығын сеуіп, нұрын шашып тұр.