Қазақстан • 22 Маусым, 2018
Саланы жаңғыртуға жол ашқан Жолдау
Биылғы маусым айында Қазақстан полициясының қалыптасқанына 26 жыл толады. Тарихи өлшеммен алып қарағанда, 26 жыл аса көп уақыт емес. Дегенмен, осы қысқа мерзім ішінде біз талай биік белестерді бағындырып, ішкі істер саласын жетілдіруге бағытталған бірқатар реформаны сәтімен жүзеге асырдық. Бұл реформалардың бәрі елдегі қауіпсіздік пен құқықтық тәртіпті нығайтуға бағытталған еді.
Медицина • 22 Маусым, 2018
Астанада Қазақстан кәсіподақтар федерациясының ұйымдастыруымен «Қазіргі әлеуметтік-еңбек қатынастары. Қазақстанның теориясы мен іс-тәжірибесі» атты конференция өтті. Жиынға қатысқан белгілі экономистер, сарапшылар, заңгерлер еліміздегі еңбек қатынастары, жұмыспен қаму және еңбек дауларын шешу секілді сан-салалы мәселелерді талқылады.
Қазақстан • 22 Маусым, 2018
Туристік қызмет көрсету шарты – сенімді демалыстың кепілі
Жазғы демалысты дұрыс пайдаланып, алыс-жақын шетелдерге туристік сапармен барып, сәтті демалғанға не жетсін. Осыған орай жыл сайын қазақстандықтар шетелге туристік сапармен ағылып жатады. Бірақ кейде отандастарымыз күтпеген жағдайға тап болып, туристік сапарда кездескен түрлі келеңсіздіктен демалыс шырқы бұзылады. Оның басты себебі, туристік қызмет көрсету барысының ойдағыдай ұйымдастырылмауынан туындайды. Мұндай жағдайда демалыстың сәтті өтуіне не кепілдік бола алады? Бүгінгі бұл сұрағымызға адвокат Сейфулла Шыңғыс жауап береді.
Қазақстан • 22 Маусым, 2018
«Ақылды кеніш» жобасы «Алтын Гефест» байқауында үздік атанды
Еуразиялық топ (ERG) құрамындағы Соколов-Сарыбай кен-байыту өндірістік бірлестігі (ССКӨБ) «Алтын Гефест» республикалық байқауының лауреаты атанды. Байқау қорытындысы Астана мерейтойының құрметіне 25-ші Дүниежүзілік тау-кен конгресі аясында шығарылған болатын.
Өнер • 22 Маусым, 2018
Алматы музейінде суретші Жұмат Әнесұлының жеке сурет көрмесі ашылды
Суретші – сусыған уақытты, тарихтың бір сәтін қылқалам құдіретімен тоқтатқан шебер. Көзімен көргенді жүректен өткізіп, көрерменге ұсынады. Сондай ерекше жандардың бірі – суретші Жұмат Әнесұлының «Алматы және оның аңыз адамдары» атты жеке сурет көрмесі Алматы музейінде ашылды. Көрмеге қылқалам шеберінің пейзаж, портрет, натюрморт, кескіндеме жанрларында жазылған 50-ден астам туындысы қойылған.