Әлем • 22 Маусым, 2018
АҚШ пен Қытай арасындағы сауда соғысы қайта жанданды
АҚШ пен Қытай арасындағы сауда соғысы қайта жанданып, жаңа фазаға ауысты. Саясаттан гөрі сауданы маңыздырақ көретін АҚШ-тың бизнес қауымдастығының өкілі саналатын президент Дональд Трамп өткен аптада отандас өнеркәсіпшілерінің мүддесін қорғау мақсатымен АҚШ-қа енгізілетін Қытай тауарларына 25 пайыздық баж салығын арттыру туралы шешімге қайта оралып, ақыры оған қол қойды. Сөйтіп Америка бюджет түсімін 50 млрд долларға арттыруды да көздеп отыр.
Аймақтар • 22 Маусым, 2018
Ақтөбе мемлекеттік университетінің студенттері Бесоба қорымында қазба жұмыстарын жүргізуде
Бүгінде республикалық экспедиция құрамындағы археологтар Бесоба қорымында қазба жұмыстарын жүргізуде. Оқу жылы аяқталысымен осы сапқа Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе мемлекеттік университетінің студенттері де қосылды.
Қазақстан • 22 Маусым, 2018
Түркияда осы жексенбіде Президент және Парламент сайлауы болады. Тарихы тамырлас, туысқан елдің аса маңызды саяси науқанды сәтті өткізуіне тілектестігімізді білдіре отырып, біз Түркия Республикасының Сыртқы істер министрі Мәуліт ЧАУЫШОҒЛУМЕН елдеріміздің арасындағы екіжақты байланыстар мен Астана қаласы турасында өрбіген сұхбатымызды назарларыңызға ұсынамыз.
Қазақстан • 22 Маусым, 2018
Сыбайлас жемқорлықпен күрестің тиімділігін арттыратын қадам
Кеше «Нұр Отан» партиясы Төрағасының бірінші орынбасары Мәулен Әшімбаев пен Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы Алик Шпекбаев партия мен агенттік арасындағы өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды.
Бизнес • 22 Маусым, 2018
Ұлттық палата кәсіпкерлер үшін тиімді алаңға айналды
Астанада «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының V съезі өтті. Жиынға Премьер-Министр Бақытжан Сағынтаев, «Атамекен» ҰКП Төралқа төрағасы Тимур Құлыбаев, ҰКП басқарма төрағасы Абылай Мырзахметов, мемлекеттік органдар және бизнес қоғамдастық өкілдері қатысты.