Әлем • 22 Маусым, 2023
Парижде жарылыс салдарынан 37 адам зардап шекті
Париж қаласының орталығында болған жарылыс салдарынан 37 адам зардап шекті. Тағы төрт адамның жағдайы нашар, деп хабарлайды Egemen.kz Euronews-ке сілтеме жасап .
Қоғам • 22 Маусым, 2023
Посткеңестік елдерді айналып өтпеген күрделі үрдіс бізде де байқалып қалып жүр. Байлар байып, халықтың табысы кеміп, несиеге тәуелділігі артып барады. Қазақстанда 7,1 миллион адам несиемен өмір сүріп жатыр. Бұл дегеніңіз – халықтың 36 пайызы екінші деңгейлі банктердің акционерлерін байытып отыр деген сөз. Ипотекалық және автонесиені 25 пайызға, қарапайым адамдар алып жатқан кепілсіз кредитті 56 пайызға дейін көтеріп, халықты қарызға белшесінен батырып отыр.
Қоғам • 22 Маусым, 2023
«Адал адам» идеясы және ұрпақ тәрбиесі
Президент жанындағы әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның кезекті отырысында комиссия мүшелері Президенттің Түркістанда өткен Ұлттық құрылтайда айтқан ұсыныстарын талқылады. Соның ішінде бала тәрбиесі, балалар туризмі, секциялар мен үйірмелер ашу, адам құқықтары бойынша мектеп сабақтары, балалар кітабын басып шығаруды жандандыру сынды өзекті мәселелерді көтерді.
Таным • 22 Маусым, 2023
Ғылымның бір аты – ізденіс. Өткен ғасырларда біздің даламызға кімдер келіп, кімдер кеткені туралы ізденісіміз нәтижелі болып жатыр. Бүгін біз Свен Андрес Хедин (1865-1952) және оның «Азия арқылы» атты саяхат кітабы туралы айтамыз. Ең алдымен, біз Свен Хединнің кім екенін оқырманға таныстыра кетейік. Жер-жаһанға аты таныс швед географы, топограф, зерттеуші ғалым және саяхатшы Свен Андерс Хедин өмірінде отыздан астам кітап жазған өз заманының зиялысы болатын. Тіпті ол өз шығармаларының иллюстраторы да болды. Небәрі 15 жасында Хедин Солтүстік теңіз жолындағы алғашқы навигациясынан кейін Арктика зерттеушісі Адольф Эрик Норденскиольдтің өз ортасына аман оралған сәтіне куә болады. Әне, сол сәттен бастап жас Свеннің зерттеуші болуға аңсары ауады. Неміс географы және қытайтанушы Фердинанд Фрейхер вон Рихтхофеннің жетекшілігімен кей зерттеулері оның Германияға деген сүйіспеншілігін оятып, Азияның жұмбаққа толы аймақтарын зерттеу үшін Орталық Азияға экспедиция жасауға ниеттенеді. Көп өтпей ол докторлық дәрежесін алып, бірнеше тіл мен соған байланысты диалектілерді үйренеді. Парсы даласына екі рет сапарға шыққаннан кейін оның ойы мен көзқарасы түбегейлі өзгереді. Тіпті ол географиялық зерттеу әдіснамасымен танысуға осы саладағы зерттеулерді жалғастыру туралы ұстазы Фердинанд фон Рихтхофеннің кеңесіне құлақ асқан жоқ.
Үкімет • 22 Маусым, 2023
Жылумен жабдықтауға – жіті назар
Мәжіліс спикері Ерлан Қошановтың төрағалығымен палатаның жалпы отырысы өтті. Жиын барысында жылумен қамту мәселелері туралы Жоғары аудиторлық палата есебі тыңдалды. Сондай-ақ жайылымдарды пайдалану жөніндегі құжат қабылданды.