Саясат • 25 Маусым, 2020
Көлік салығын төлеу мерзімін кейінге шегерген тиімді
Парламент Мәжілісінің жалпы отырысында депутаттар бірнеше құжатты жұмысқа алып, бірқатар заң жобасы мақұлдады.
Қоғам • 25 Маусым, 2020
76 су шаруашылығы нысаны іске қосылады
Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі Су ресурстар комитеті «Қазсушар» РМК-ның дерегі бойынша Қазақстанда құны 149 млрд теңгені құрайтын 76 жаңа су шаруашылығы нысаны іске қосылады, 46 нысанның құрылысы республикалық бюджеттің есебінен жүзеге аспақ, оның жалпы құны 79 млрд теңгені құрайды. Сондай-ақ Еуропалық даму және қайта құру банкі мен Ислам даму банкінің заемы арқылы 30 нысан пайдалануға берілмек.
Экономика • 25 Маусым, 2020
«Самұрық-Қазына» Ұлттық қорға 50 млрд теңге аударды
«Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ Қазақстан Республикасының Ұлттық қорына «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ-ның SPO-дан түскен 50 миллиард теңге көлемінде қаржыны аударды.
Экономика • 25 Маусым, 2020
Ауылдың көсегесін кооператив көгертеді
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев төтенше жағдайлар жөніндегі мемлекеттік комиссияның отырысында Үкімет, «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасымен бірлесіп, ауылдағы кооперациялық желіні дамытуды тапсырды. «Егіс даласынан – дүкен сөресіне дейін» атты қанатқақты жобаны бірнеше өңірде бастауды тапсырамын. Кейін оның ауқымын кеңейтіп, 2021 жылдың ортасына қарай толыққанды бағдарлама әзірлеуге болады», деді Мемлекет басшысы.
Медицина • 25 Маусым, 2020
Кардиология және ішкі аурулар ғылыми-зерттеу институтының басқарма төрайымы Роза Қуанышбекова институттың кардиохирургтар командасымен аорта қақпақшасын биологиялық протезбен алмастыру және аортакоронарлық шунттеу операциясынан кейін пациент Алексей Заиканы 78 жасқа толуымен құттықтады. Ол туған күнінде реанимациядан палатаға ауыстырылды. Роза Тоқтанәліқызы оның оптимистік көзқарасы мен ота жасатқан кезде батылдығын атап өтті.