Ең қысқа әңгіме • 25 Маусым, 2020

Өмірге қайта келгендей...

184 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Кардиология және ішкі аурулар ғы­лы­ми-зерттеу институтының бас­қар­ма төрайымы Роза Қуанышбекова ин­­ституттың кардиохирургтар ко­ман­­­дасымен аорта қақпақшасын биоло­гия­лық протезбен алмастыру және аорта­ко­ронарлық шунттеу операциясынан ке­йін пациент Алексей Заиканы 78 жасқа толуымен құттықтады. Ол туған күнінде реа­нимациядан палатаға ауыстырылды. Роза Тоқтанәліқызы оның оптимистік көз­қарасы мен ота жасатқан кезде ба­тыл­дығын атап өтті.

Өмірге қайта келгендей...

Алексей Алексеевичтің өзі дәрі­гер­лерге, институттың бүкіл ұжы­мы­на ризашылығын білдірді. «Мен дәрі­гер­лерге өте ризамын, оны сөзбен айтып жеткізе алмаймын, өзімді жақсы сезі­не­мін, дендеріңіз сау болсын», деді ол. Сондай-ақ басқа пациенттер де Алексей Алексеевичті құттықтап, ізгі тілектерін білдірді.

Кардиохирургия бөлімшесінің мең­ге­ру­шісі Рүстем Төлеутаевтың айтуынша, пациент стационарға жатқызылған кезде, оның шамалы күш түскенде ентігу, ауа жетіспеушілігі, жүрегі қысып, тез шаршау, жалпы әлсіздік сияқты шағымдары болған екен. Ол жағдайдың ауырлығын жүрек жиырылуының төмендеуімен де байланыстырды.

Пациент 15 жыл бойы созылмалы обс­трук­тив­ті өкпе ауруы және бронх демік­пе­сімен есепте тұрған, жүрекке тексеріл­меген және емделмеген, тыныс жетіспеушілігі бронх және өкпе патологиясымен байланыстырылған.

Кардиология және ішкі аурулар ғы­лы­ми-зерттеу институтында оған аралас аорта ақаулары (критикалық стеноз және 2 дәрежелі жеткі­ліксіздік), митральды қақпақшаның жет­кі­­ліксіздігі, 3 дәрежелі артериалды гипертензия диагнозы қойылып, хирургиялық емге көрсеткіштері бар екені айтылды. Па­циент­тің операциядан кейінгі жағдайы тұ­рақты, антибактериалды және дәрілік тера­пия алып, тыныс алу жаттығуларымен айналысуда.