Президент Қасым-Жомарт Тоқаев төтенше жағдайлар жөніндегі мемлекеттік комиссияның отырысында Үкімет, «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасымен бірлесіп, ауылдағы кооперациялық желіні дамытуды тапсырды. «Егіс даласынан – дүкен сөресіне дейін» атты қанатқақты жобаны бірнеше өңірде бастауды тапсырамын. Кейін оның ауқымын кеңейтіп, 2021 жылдың ортасына қарай толыққанды бағдарлама әзірлеуге болады», деді Мемлекет басшысы.

1995 жылдың 5 қазанында «Өндірістік кооператив туралы» заңы қабылданғалы 25 жыл өтсе де, кооперативтердің дамуы қуанарлық деңгейде емес. Қазір бар кооперативтер шағын сервистік қызмет көрсетумен: дайындау, өңдеу, сату және тағы басқа жұмыс түрлерімен айналысады.
Кейінгі жылдары мемлекет тарапынан ауылшаруашылық кешенін қолдауға бағытталған көптеген оң қадамдар жасалды. Олар: жеңілдетілген несие беру, салық салу мөлшерін азайту, субсидиялауды ұлғайту. «Ауыл шаруашылығы кооперациясы туралы» заңға бірнеше рет түзетулер енгізілді.
Ауылдағы шаруалардың көпшілігі техникаға зәру болғандықтан, басқа біреулердің техникасына тәуелді болып келеді. Техника иесі өздерінің қызметі үшін жұмыс құнынан екі-үш есе артық ақы сұрайды. Шаруалар дәрменсіз, олардың талаптарына келісуге мәжбүр. Алайда ақшасы жоқ болған соң болашақ жинайтын өнімді бөлісуіне тура келеді. Қызмет көрсетушілер сол шаруалардан алған өнімді өз өніміне қосып өткізеді.
Осындай жағдайда техникасы бар кейбір жеке тұлғалардың әр гектардан алынған өнімі жоғары болады, жергілікті шенеуніктерді ол толығымен қанағаттандырады. Ал техниканы көмекке алған шаруа қожалықтары біршама үлесін жоғалтып, жылдан-жылға өзгеріссіз қала береді. Ауыл шаруашылығында өнімді динамикалық дамудың болмауының бір себебі осы.
Көптеген жауапкершілігі шектеулі серіктестіктер, кәсіпорындар және тағы басқа да ұжымдар өздерін өндірістік кооперативтің қызметін атқарамыз деп санайды. Бірақ олар толыққанды кооперативтер емес. Кейбір облыстардағы атқарушы органдар да сервистік-дайындау орталықтары құрылғанын алға тартып, өндірістік кооперативтің қажеті жоқ деген пікірде. Олардың ойынша, СДО-ның аты өзгерсе, сол кооператив деген ұғымды білдіреді.
Анықтама ретінде айта кетейік. "СДО форматында машина-трактор стансалары 1928-1958 жылдар аралығында бұрынғы КСРО-да құрылған. Оның объективті себептері болды: колхоздастыру басталды, шаруалардың барлығы сауатсыз болды, техниканы қолдануды білмейтін, оның үстіне техника тапшылығы және басқа да көптеген ауылшаруашылық мәселелер шешілмеген кез еді. 1958 жылы қайта ұйымдастыру туралы қаулы бойынша одақ аумағында барлығы 100 мың МТС жойылып, оның орнына жөндеу-трактор стансалары (ЖТС) құрылды. Барлық ауыл шаруашылығы техникасы үкіметтің өкіміне сәйкес совхоздар мен колхоздарға, яғни егіншілер мен фермалар еңбеккерлеріне берілді.
Ал қазіргі СДО – уақытша құбылыс, оның тиімділігі шамалы. Өйткені өз қызметі үшін жеке кәсіпкерлерден өте көп қаржы алады. Шаруа қожалықтары үшін кейбір агротехникалық жұмыстары – сүдігер жырту, топырақты өңдеу және басқа да жұмыстарға оның қызметін пайдаланбайды. Себебі болашақта егіннің шығуы жақсы бола ма, әлде болмай ма деген қауіп бар. СДО басшыларының шаруа қожалықтарына болашақ өнім үшін ауыспалы егіс егуді, ауылшаруашылық дақылдарын егуді ұсынуға құқы жоқ, олардың жеке өздеріне тән мақсат-мүдделері бар.
Шаруа қожалықтары СДО-мен қанша жұмыс істесе де, олардың арқасында несиелерін төлесе де, техниканы бермек тұрмақ, сынып қалған құрал-саймандарын да ұстатпайды, бұл жағдай ешқандай үміттің жоқтығын білдіреді. Осы олқылықтың орнын толтырудың жалғыз жолы бар, ол – ауылшаруашылық өндірістік кооперативтерін (АШӨК) құру. Кооператив ауыл тұрғындарын біріктіретін, ерікті түрде ұжымдасып еңбек етуге ықпал ететін күш болып саналады. Оның барлық қатысушыларының тиімді жұмыс істеуіне кеңінен мүмкіндіктер туады.
Кооператив құру кезінде ондаған шаруа қожалығы мен басқа да шаруашылық жүргізуші санаттар бірқатар мәселелерді алдымен шешіп алуы қажет:
– жеке құрылтайшылардың меншікке иелігін жоғалтпауына кепілдік болу үшін әр адамға тиесілі техника мен құралдарды, ауылшаруашылық мақсатындағы жерді қатаң реестр арқылы анықтап, иесінің атына тіркеу.
– жетіспейтін техника мен құрал-жабдықтарды толықтыруға және МТС құру үшін ұзақ мерзімге ортақ несие алу;
– егін шаруашылығын интенсивтендіру үшін ғылыми зерттеулерді пайдалану.
«Ауылшаруашылық кооперациясы туралы» заң аясында жоғарыда аталған проблемалардың шешімін біздің Алматы технологиялық университетінің ғалымдары әзірлеген ауылшаруашылық өндірістік кооперативінің әкімшілігі мен құрылтайшылары арасындағы қарым-қатынас тетіктерін жүзеге асырумен байланыстырамыз. Күтілетін әлеуметтік нәтиже: біртіндеп кооперативтердің бар техникасы, машиналар мен жабдықтары кооперативтің құрылтайшыларына – шаруа қожалықтарына және басқа да тұлғалардың меншігіне айналады. Құрылтайшыларға берілмейді. Құрылтайшыларға да сондай жағдай жасалса, бұл олардың жұмысқа деген ынтасын қатты тежейді. Бұрын кооператив құрса да, іс жүргізуге келгенде кооперативтің әкімшілігі мен құрылтайшылары арасындағы қарым-қатынас тетіктерінің әдістемесі болмағандықтан, бәрі тарап кеткен-ді. Осы дерттен арылатын кезеңнің келгені анық.
Тілеухан БАЯХМЕТОВ,
экономика ғылымдарының кандидаты
Құрғақ уәде «құрғақшылықтан» құтқармайды
Аймақтар • Кеше
Руханият • Кеше
Бір қызық қансонарда түлкі аулаған...
Қоғам • Кеше
Елбасы • Кеше
Аймақтар • Кеше
ШҚО-да «Парасат жолы» орталығы ашылды
Аймақтар • Кеше
Сақтандыру нарығының ахуалы қандай?
Қоғам • Кеше
Бейбіт Атамқұлов Италия елшісімен кездесті
Қоғам • Кеше
Өскемен гарнизонында шаңғы тебуден жарыс өтті
Спорт • Кеше
Ақтөбе облысында 10 мектепке күрделі жөндеу жүргізіледі
Аймақтар • Кеше
Зейнетке ерте шығудың мүмкіндіктері айтылды
Қоғам • Кеше
Мұрат Әйтенов вакцинаның екінші компонентін салдырды
Аймақтар • Кеше
Бақытжан Сағынтаев Францияның бизнес-қауымдастығымен кездесті
Аймақтар • Кеше
Криштиану Роналду әлем рекордын жаңартты
Әлем • Кеше
Алматы облысында заңсыз балық аулаған екі адам ұсталды
Аймақтар • Кеше
Шымкент әкімі тұрғындардың шағымына жауап берді
Аймақтар • Кеше
Атырауда 500 орындық мешіттің іргетасы қаланды
Аймақтар • Кеше
Қазақстан мен Германия «жасыл экономиканы» бірлесіп дамуға ниетті
Экономика • Кеше
Батыс Қазақстанда иіс тиген 14 адам ауруханаға жеткізілді
Аймақтар • Кеше
Түркістанда «Ұлы Жеңіске – 75 жыл» кітабының тұсауы кесілді
Әдебиет • Кеше
СҚО-да үсік шалған 5 адамның жағдайы ауыр
Аймақтар • Кеше
Аймақтар • Кеше
Мәдениет және спорт министрлігі аппаратының жаңа басшысы тағайындалды
Тағайындау • Кеше
Су тапшылығы мәселелері талқыланды
Аймақтар • Кеше
Алматыда су тасқыны кезеңіне дайындық барысы хабарланды
Аймақтар • Кеше
Елордада қылмыс саны 30%-ға азайды
Елорда • Кеше
«Теңізшевройл» пандемия кезінде Қазақстанға қандай көмек берді?
Аймақтар • Кеше
Шығыс Қазақстанда «Парасат жолы» орталығы ашылды
Аймақтар • Кеше
Елорда • Кеше
Қазақстанда «Спутник-V» вакцинасынан жағымсыз реакция тіркелген бе?
Қазақстан • Кеше
65 жастан асқан адамдарды вакцинациялауға рұқсат берілді
Коронавирус • Кеше
Ерлан Қиясов вакцинациялаудан кейінгі қорғаныш әсер жайында айтты
Коронавирус • Кеше
Павлодар облысында су тасқыны кезеңіне дайындық жүріп жатыр
Аймақтар • Кеше
Мұрат Әйтенов: Шымкенттің әр екінші тұрғыны тәуелсіздік тумасы
Аймақтар • Кеше
26 ақпанда Үкімет отырысы өтеді
Үкімет • Кеше
Атырауда бір күнде 43 адам жарақат алды
Аймақтар • Кеше
Түрмеге келген сәлемдеме арасынан есірткі шықты
Аймақтар • Кеше
Сервистік әкімдік ауылдарға да жетті
Аймақтар • Кеше
Аймақтар • Кеше
Аида Балаева Сума Чакрабартимен кездесті
Қоғам • Кеше
Конькимен жүгіру спорты бойынша ел үздіктері анықталды
Қысқы спорт • Кеше
Алаяқтар Instagram-да жүргізуші куәлігін сатуда
Қоғам • Кеше
Шымкентте 2021 жылы 109 көше жөнделеді
Аймақтар • Кеше
Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің аппарат басшысы тағайындалды
Тағайындау • Кеше
Батыс Қазақстанда 1549 абонент жарықсыз қалды
Аймақтар • Кеше
Шымкент: 2021 жылы 41 шақырым жылу құбырына жөндеу жүргізіледі
Аймақтар • Кеше
Ұқсас жаңалықтар